1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Н.Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз



бет71/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

99. Н.Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз.:
2016 жылы 31 наурызда Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммите әлемнің 51 елінен келген мемлекет басшылары мен премьер-министрлері алдында тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаһан жұртының назарын адамзат баласына қауіп төндіріп тұрған зауалдарға аудару үшін «Әлем. XXI ғасыр» атты манифес жариялады.
Манифест бірден жаһан жұртының назарына ілініп, бейбітшілікке бастайтын бағдар деп қабылданды. Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болып, БҰҰ хатшылығының электрондық жүйесіне орналастырылды. Құжатқа БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде А/70/818 және S/2016/317 тіркеу нөмірлері берілді. Манифест арқылы Қазақстан Президенті әлем мемлекеттерінің бас­шы­­ла­рын ядролық қауіпсіздікті нығайтуға шақы­­рып, адам­затты соғыстан құтқаруға үндеді. Президент әлемге жаһандық соғыстың қатері төніп тұрғанын атап көрсетіп, осыған дейін әлемде 15 мыңнан астам соғыс болғанын, адамзат әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткеріп отырғанын айтты. «Әлем төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады дей келе Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін» деп көрсетті. Елбасы халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие бола бастағанына назар аударып, ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндетін орындай алмай отырғанын айтты. Сонымен қатар ол жойқын қару террористердің қолына түссе, әлемде орны толмас апат орнайтынын тұспалдады. «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» Президенттің пайымынша, жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылық ұзақ мерзімді текетіреске ұласып кетпес үшін адамзатқа осындай бағдарлама қажет. Ол соғыстың тамырына балта шабуға кепіл болуға тиіс. Елбасының сөзінше, «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты құжат 3 басты қағидатты нақты мазмұндау керек. «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек», –Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары екенін тілге тие ете келіп, өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдау қажет деген байлам жасады. «Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды деп көрсетті. Елбасы Ауғанстан, Ирак, Йемен, Ливия, Сүрия мемлекеттеріндегі жанжалдарды сондай-ақ Палестина мен Израильдің текетіресін тоқтату, Корей түбегі мен Оңтүстік-Қытай теңізіндегі және Арктика ендігіндегі жарылыс қаупін азайту алдағы 10 жылда жаһан жұртының ортақ мәселесі болуы тиіс екенін айтты. Манифесте әскери блоктарға да қатысты сөз қозғады. Осыған қатысты Елбасы: «Әскери блоктарға БҰҰ туы астында мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы қою қажет», – деді. Осылай болғанда, яғни барлық мемлекеттер біріккен кезде әскери блокқа бөлшектенудің тамырына балта шабылады деп көрсетті. Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырғанын айта келіп, адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет екенін жеткізді. Әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесін адамзаттың бейбіт өмір сүру жолындағы басты бағдар деп қабылдады және тыныштыққа тұтқа болатын табанды талап деп түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет