1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Дене тәрбиесінің құралдары, дене тәрбиесіне әсер ететін факторлар



бет15/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

3.Дене тәрбиесінің құралдары, дене тәрбиесіне әсер ететін факторлар.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізгі бөлімдерінің ішінде ерекше орын алатыны - дене тәрбиесі құралдары. Дене тәрбиесінде қолданылатын негізгі құралдар дене тәрбиесінің жаттығулары, ал көмекші құрал ретінде табиғаттың (жаратылыстың) сыртқы күшінің әсері мен гигиеналық факторлар.
Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене
жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын
өзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің
міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуға
себепші болады. Дене жаттығуларымен бірге әртүрлі би, массаж қолданылады.
Би-музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың
күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-
әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған.
Дене тәрбиесінің арнаулы кұралы болмаса да, гигиеналық факторлар дене тәрбиесі міндеттерін толық өз дәрежесінде шешуде маңызға ие. Қаншалықты педагогикалық процесс жақсы ұйымдастырылғанымен тамақтану тәртібі бұзылып жатса, керекті мөлшерде ұйықтамаса, жаттығулар санитарлық жағдайы жоқ жерде өткізілсе, онда педагогикалық процесс ешқашан күткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда гигиеналық талап көлемін анықтайтын материалдар ұсынылған. Гигиеналық факторлар, шартты түрде екі топқа бөлінеді:
1.дене тәрбиесі процесінен тыс, адамның өмір қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар: еңбек, оқу, тұрмыс, демалыс, тамақтанудың жеке және қоғамдық гигиенасының талаптарына немесе дене жаттығуларымен толықтай айналасуға қажет алғышарттарды қамтамасыз ететіндердің бәрі;
2.дене тәрбие процесіне тікелей енгізілген жағдайлар: гигиеналық нормаларға сәйкес түсетін салмақ және демалу тәртібін тиімді пайдалану, арнайы жарыс жолындағы тамақтану, сыртқы әсер тигізетін жағдайларды жасау (ауа тазалығы, жарықтың жеткіліктігі, құрал-жабдықтардың жарамдылығы, киімнің ыңғайлылығы, т.б.).
Жаратылыстың табиғи күштері (метеорологиялык факторлар) әсер ету заңдылықтарын біле отырып, дене жаттығуларының жоғары тиімділігіне жетудің қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін факторлар тобын құрайды. Дене тәрбиесі процесінде табиғаттың жаратылыс күшін (метеорологиялык факторлар) пайдалану екі бағытта жүзеге асырылады: а) табиғаттың жаратылыс күшін дене жаттығулары үшін қолайлы жағдайлар жасайтын көмекші фактор есебінде пайдалану. Оның себебі, олар адам организіміне әсер ететін қозғалыс тиімділігін күшейтеді және толықтырып отырады; ә) табиғаттың жаратылыстық әсері-ауа және су ваннасы, күн сәулесі арқылы шынығу және сауықтырудың тиісінше жеке дара кұралы есебінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет