1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет41/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

2.Есте сақтау — жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі — адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды
3. Қайта жаңғырту – өткен тәжірибені, бұрын алған білімді, тәжірибелі сезімдерді жаңартудан тұратын еске алу процесі.Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
4. Тану - қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді таныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағаңда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.
4.Ұмыту (ұмытушылық). Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық басым болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді.
3.Дүниетану сабағында ойын тәсілдерін қолдану.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады.
Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы.
Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
•Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері
•Білім беретін ойындар
•Тәрбиелейтін ойындар
•Дамытатын ойындар
•Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
•Диагностикалық ойындар
Дүниетану сабақтарында ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өзіндік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын арқылы балаларда табиғатқа және әлеуметтік ортаға деген ғылыми-танымдық, эмоциялы-адамгершіліктік қатынастарды қалыптастыруға болады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет