1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет48/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан
жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір
жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар
жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады.
Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы
мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал
балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете
алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция
ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой
қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы,
әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты
түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның
бастамасында елеулі роль атқарады.
3.Композициядағы тепе-теңдік пен тұтастық. «Ғарыш» композициясы.
Сурет салатын парақты таразы немесе әткеншекпен салыстыруға болады. Таразының екі басындағы салмақ тең болған жағдайда ол тепе-тең қалпын сақтайды. Осыдан «тепе-тең» сөзі келіп шығады. Егер сен суретіңді парақтың бір бөлігіне орналастырып, екінші бөлігін бос қалдырсаң, онда сурет орнықсыз болып көрінеді.
Егер сен суретіңді парақтың бір шетіне оңға, солға, жоғары не төмен орналастырсаң, онда тепе-теңдік бұзылады.
Бір бейнелі композицияны кез келген төртбұрыш, вертикаль, горизонталь пішімге орналастыруға болады. Бірақ салынған сурет парақтың ортасында орналасқаны дұрыс. Сол жағдайда сенің суретіңде тепе-теңдік сақталады.
Суретке қараған кезде ондағы бейнелерді орнынан қозғап, түзету енгізу жөнінде ой туындамаса, оны тепе-тең композиция деп атауға болады.
Қазақтың белгілі суретшісі А. Дүзелхановтың «Аңшылық» атты шығармасына назар аудар. Мұндағы аңшы, бүркіт, құмай тазының қозғалысы сәтті берілген және үшеуі де бір-бірімен тепе-теңдікте орналасқан.
Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру «композиция» ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді. Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі. Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады.
Үйлестіру ұымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.
Бірнеше суретшілердің композициялық көркем шығармаларына талдау жасап көрейік. Оны мұғалім дұрыс таңдап, оқушыларға түсіндіру керек.
Композиция дегеніміз – латынның «Compositio», «ойлап табу», «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым. Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі айшықтап алып көрсете білу, көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін, қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет