1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



бет49/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

17-билет
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Қазіргі кезде еліміздегі барлық ғылым мен білім саласы жаңа әдіс - тәсілдер арқылы жаңғырып, жаңару үстінде. Бұл міндеттерді шешу үшін әр оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет. Сол себепті, біз келешекте өз сабақтарымызға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, сапасын арттыру жұмыстарына мән береміз. Білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты - студенттердің білімді терең түсіну шығармашылық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Диалогтік оқыту арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, олардың білім денгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, күштеп білім беруден гөрі, студенттің білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Жаңа сабақты түсіндіруде де диалогтік оқытудың маңыздылығы артып отыр.Студенттерге өткен сабаққа шолу жасау арқылы жаңа сабақты түсіндіру барысында ашық сұрақтарды кеңінен пайдаланып студенттердің білім алуына, сөйлеуіне, тыңдауына басты назар аударылады. Барнс пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме оқытушылардың студенттерді әңгімеге тарту кезінде дамытуы қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі болып табылады. Зерттеушілік әңгімеде студенттеге сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алады.
2.Сөйлеу туралы түсінік.Сөйлеу түрлері.
Сөйлеу— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті.. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып бөлінеді.Ауызш сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеу. Диалогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн сайын ашылмайтын сөздерСойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет