1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет52/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Қиялдың түрлері.
Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді.
3.Сыныптан және мектептен тыс музыкалық білім беруің түрлері және оның маңызы мен мазмұны.
Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөлуге болады.
1.Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.
2.Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық трбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болукерек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, корнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекцмя-концерттер ұйымдастыру.Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы, соның бір саласы музыкалық театр ұйымдастыру. Ол үшін балаларды музыкалық спектакльдердің теориясымен практикасымен таныстыру, режиссура негіздерін игерту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет