19-билет
1.Оқушылардың білімін,дағдыларын бақылау және бағалау.
Бағалау-термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген ұғымды білдіреді.
Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды, яғни, бағалаудың мәні:
-бақылау;-алынған мәліметтердің интерпретациясы;-бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде объективтi емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сонда – ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсiнiк, сонымен қатар өзiн – өзi бағалау, қабiлеттiлiк және күш–жiгер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |