1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторы



бет54/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторы:
1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету;
2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы;
3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту;
4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.
5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектеседі, себебі мұғалім және оқушы оқу материалын меңгергендігі жөнінде сандық мәлімет алады. Мұғалімге оқушының нені білетіні, нені түсінбейтіні, қай материалжақсы меңгерілгенін, қайсылары нашар немесе мүлдеммеңгерілмегені білгілі болады. Бұл оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру үшін негіз. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға береді, жұмыс әдістеріне толықтырулар, түзетулер енгізіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын табады, бағдарламаның қандай сұрақтарын, ережелерін, ұғымдарын, заңдарын оқушылар нашар түсінетінін, жақсы түсінетіндерін біледі.Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
2.Қиялдың жасалу жолдары. Балалардың қиялын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылға да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жсайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мысалы, табиғатты суреттейтін немесе оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы балалардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі.Бала қиялын тәрбиелеуде олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын іс жүзіне асыра алмаса да, келешекте оны іс жүзінде асыратынына сенімі болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үйлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш-қуат бірмейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет