2.Күрделі эмоциялар. Жоғары сезімдер. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өз көңіліне меңгере білу – мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төменгі сынып оқушыларының мүғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында етеді.
Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар. Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардық оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл-ой сезімі – адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім – мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Мектеп пен оку орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады. Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» – «морале» деген француз сөзі. Мағынасы – адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланыс-ты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер – борыш сезімі, әркімнің ез халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін кұрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге қүрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі үлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.
Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.