3.Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері. «Өзін-өзі тану» баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын топтарда ұйымдастырылады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс. Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рахымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.
23-билет 1.Мектептегі педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңес дегеніміз- білім беру ұйымындағы алқалы басқарма органы болып табылады. Педагогикалық кеңестің мақсаты – мектептегі ұстаздар қызметін жетілдіруді және оның сапасын арттыру.
Педагогикалық кеңес жоспары мынадай міндеттерді көздейді:
• ұстаздар даярлау жүйесінің әдістемелік және ғылыми-теоретикалық сапасын арттыру;
• оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстарына ұжым мүшелерін тарту;
• шешімдерді алқалы түрде шығару және оны бірлесе отырып жүзеге асыру.
Мектептегі педагогикалық кеңес – білім беру ұйымының заңға сәйкес нормаланған қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған, педагогикалық ойды қалыптастыруға ықпал ететін диагностикалық орган.
Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысының міндеті мен мазмұны.
• Педагогикалық кеңес – білім беру ұйымдарында оқу процесінің негізгі мәселелерімен тұрақты жұмыс істейтін басты орган.
• Мектептегі педагогикалық кеңес жұмысындағы ең басты мәселе – білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Білім беру ұйымындағы педагогтар ұжымының жұмыс істеуіне жағдай жасау.
• Педагогикалық кеңесте мектептің жұмыс жоспарларына талдау жасалып, бекітіледі; білім беру ұйымы қызметкерлерінің деректерін, есептерін тыңдайды.
• Мектептегі педагогикалық кеңес нәтижесі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу туралы шешім шығарады.
Мектептің педагогикалық кеңесі құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, педагогтар, психолог, әлеуметтік педагог мүшелікке кіреді.