1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


) Музыканы қабылдау музыка мәдениетінің қалыптасуының маңызы. Музыканы қабылдаудың негізгі саласы, кезеңдері



бет81/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

3) Музыканы қабылдау музыка мәдениетінің қалыптасуының маңызы. Музыканы қабылдаудың негізгі саласы, кезеңдері.
Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс-әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде балалардың зейінін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттері дамиды. Балаларды музыка тыңдауға үйретудің ең басты міндеті оларға музыканы дұрыс естіп, дұрыс қабылдай білуге үйрету. Музыканы тыңдауға үйрету музыкалық қызметтің барлық түрімен тығыз байланысты. Мысалы әнді айту үшін, оны әуелі тыңдау керек; музыканың ырғағымен қозғалу үшін де биге арналған әуенді тыңдау керек.
Музыканы қабылдау қиын процесс, ол баланың музыканы дұрыс естуіне байланысты болады. Музыка балаға жан жақты әсер етеді, яғни музыкалық шығарманың болуы, екпіні, динамикасы осының барлығы музыкалық шығарманың мазмұнын, сипатын білдіреді.
Педагог балаларға музыка тыңдатқанда, балалардың музыкалық шығарманы дұрыс түсінуіне көмектесу керек. Музыканы тыңдағанда зейін салып, соңына дейін тыңдауға, музыка жөнінде өз түсініктерін айта білуге баулу қажет.
Балалар музыканы жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қабылдайды. Төменгі сынып оқушылары көңілді, жарқын музыканы және жан-жануарлар мен балалар әлемін суреттейтін музыканы ұйып тыңдайды.
Ортаңғы сынып оқушылары әр түрлі халықтар музыкасын және батырлық тақырыбына арналған музыканы ұнатады.
Балаларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат-мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 сынып оқушыларына тыңдатылатынмузыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойлану ұзақтығы 1-2 минуттан аспайтын, 3-4 сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3-5 минуттай болуы керек. Балалардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдатылатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Балаларға педагогтың музыка аспабында өзі ойнаған музыкасы өте зор әсер етеді. Бірақ, егер музыка хорға немесе оркестрге арналып жазылса оны грамжазбада тыңдау қажет.
Музыкалық шығарма балалардың есінде қалу үшін оны бірнеше рет тыңдау керек.
Музыканы қабылдау бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.Музыкалық шығармамен танысу, мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Музыкалық шығарманы тыңдау.
3.Музыкалық шығарманы талдау.
4.Жаңа естіген музыкасын бұрынғы тыңдаған музыкалық шығармалармен салыстыру, шығарманы қайта тыңдау.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болуы керек. Тыңдатылатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау, түйсіну, елестету қабілеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқадыңдар, музыка нені баяндар екен, көз алдарыңа нені елестетер екенсіңдер деген сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар берген дұрыс, мұндай тапсырмалар балалар бойындағы қиялын, шығармашылық қасиеттерін дамытады. Кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы – сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек.
2. Музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек.
3. Музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. Музыканың, ырғақтың екпінін жылдам, жай, орындалуын айыра білуге тәрбиелеу кезінде қойылатын сұрақтар, оқушылардың өз түсініктерін толық жеткізе білетіндей болып қойылуы керек. Музыка жылдам ойналып тұр ма, әлде жай ма, орташа ма? Балаларды шығарманың қандай аспапта орындалып тұрғанын тембріне қарай айыра білуге тәрбиелейміз. Бұл ретте музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, осы аспаптардың қайсысымен орындалып тұр деп ойлайсыңдар деген сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады.
4.Жаңа естіген музыкасын бұрынғы тыңдаған музыкалық шығармалармен салыстыру, шығарманы қайта тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет