1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп



бет55/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Қиял бейнелерінің жасалу жолдары.Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) қүрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Адамға тән қиялдың ерекшеліктері:Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
Творчестволық қиял деп- қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;- қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,—деп жазады М. Жұмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».Өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.
3.Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты,міндеттері.
«Өзін-өзі тану» пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу келешекте өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басындағы жағымды қасиеттерін байқата алатын, мінез- құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптастыруына бұл пәннің қосар үлесі мол . өмірге дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет