Іс-әрекет үш қырлы анықталады,яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып,көрініс береді,ол:тұлға,обьект және ішкі праксис 3.Композиция орталығы «Менің отбасым» Бастауыш сыныпта «Менің отбасым» тақырыбында сабақты ұйымдастыру үшін балаларға отбасы жөнінде әңгіме айтып беру керек, мысалы: балалар барлығымыздың да отбасымыз бар, мына суретте отбасы мүшелері атасы әжесі, анасы, інісі барлығы түгел үстел басында. Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап, қамқорлық жасайды.Отбасы-бұл қоғамның негізі. Отбасы ата-анадан, балаларынан, туыстардан тұрады. Әр отбасында ата-ананың, отбасы мүшелерінің орны ерекше. Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым-қатынастардың да мәні бар.Үлкені кішісіне қамқоршы да,өнегеда болуы тиіс. Олардың бір-біріне қолғанат, сүйеу болуы құптарлық. Міне балалар әкенің де, ананың да отбасындағы орыны алтыннан да қымбат,оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді. Күні ертен сендердің әрқайсың бір отбасының әкесі, анасыңдар. Сондықтан барлық адамгершілік қасиеттерді жақсылық пен ізгілікті, мейірімділік пен кешірімділікті бойларыңа сіңіріп өсіңдер. Себебі отбасың сенің ертенгі болашағың. Осы отбасын бейнелуіміз үшін композиция тұрғыдан суреттің орналасуын, салыну жолдарын, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, үйлесімділігін табу болып табылады.
Композиция заңдылықтарын білуіміз керек. 1.Бүтіндік заңы 2.Үлгі заңдылығы 3.Қарама-қарсылық (контраст) заңдылығы 4.Композиция барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы. Композициялық тұрғыдан айта кетсек. Әрбір нәрсенің көрніп тұратын формасын жақсы болу үшін нәрсенің құрлысына талдау жасаған жөн. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі.Композиция орталығы дегеніміз ең басты бейне, яғни үлкен бейне болып табылады. Егер зат жақында орналаса үлкен, алыста орналаса қағаздың жоғары жағына кішкентай қылып салынады.Оқушыларға сөзжұмбақ беруге болады. Сонымен қатар тағы бір тиімді әдіс сұрақ қоя отырып, сабақты бекіту орынды, мысалы: ағаштың ең негізгі бөлігі неден тұрады деген сұраққа жауап іздейін. Ағаштың тірегі-дің. Демек біздің тірегіміз отбасы. Плакатта бейнеленген ағаштың әр бұтағы өз жанұяндағы адамдарды қалауыңша орналастыр және неліктен ол орынға орналастырдың сол жөнінде әңгімелеп бер.