1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Адамның эмоциялары мен сезімдерін тәрбиелеу ерте балалық шақтан басталады



бет60/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Адамның эмоциялары мен сезімдерін тәрбиелеу ерте балалық шақтан басталады. Жағымды эмоциялар мен сезімдерді қалыптастырудың маңызды шарты ретінде, ересектер тарапынан жасалатын қамқорлық алынады. Махаббат пен қамқорлық жетіспейтін бала салқынқанды және қайырымсыз болып өседі. Эмоционалды жауапкершілікті туындату үшін, бас адам үшін жауапты болуы, кіші інілері мен қарындастарына қамқорлық жасау, ондай болмаса, үй жануарларына қамқор болу маңызды болып саналады. Баланың біреуге қамқор болып, біреу үшін жауапты болуы қажет. Баланың эмоциялары мен сезімдерін қалыптастырудың тағы бір шарты ретінде, балалардың сезімдерінің тек субъективті толғаныстардың шекарасымен шектелмеуі, олардың нақты әрекеттермен іс-әрекетте жүзеге асырылуы алынады. Мұндай болмаған жағдайда тек сөзбен баяндауға қабілетті, өзінің сезімдерін өмірде жүзеге асыра алмайтын сентиментальды адамдарды оңай тәрбиелеуге болады.
3.Музыка сабағы және оның құрылымы.
Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу.
Әнді орындау барысында қандай мақсат қойылады? Орындау кезінде оқушылардың музыкаға деген іс әрекеті қалыптасады, оның ішінде хормен орындағанда оқушының музыкалық мәдениеті тұрақтап, орындаушылық шеберлігі тұррақтап, өздерінің музыкаға деген көзқарасын нығайтып, шығарманың бейнелеу образын көрсетедi. Музыка сауаты, нота үйрету бірінші сыныптан басталады. Сабақтың тақырыбына, орындалатын әндер, тыңдалатын музыкалық шығармаларға байланысты, сөз мәтінін жаттау, шығармалардың авторларын білу, сөз - әңгіме құрған кезде балалар алғаш рет музыкалық сөз – терминдермен, ұғымдармен танысады. Мысалы дыбыстың биіктігі, ұзақтығы, дыбыстың күші, дыбыстың бояуы, неше дауыс, оркестр, аспаптармен танысу т.с.с. Әуеннің жүрісі (төмен, жоғары, бір биікте), олардың екпіні, шығармаларға қарапайым сипаттама беру: көңілді, мұңды, ашық, жарқын, сәулелі, ауыр, жеңіл, көтерінкі, сүймелдеу, суйемелдеусіз т.с.с. Сондықтан, бірінші сынып балаларына берілетін мәлімет өте үлкен және тікелей музыкалық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталады, осы бағытта білім беру жұмысы оқушы мектеп табалдырығын аттаған күннен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет