1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Ән-күй сабағының басты мақсаттары



бет61/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру. Мектептегі музыка пәні бағдарламасының мақсаты – музыка мен өмірдің байланысын ашып көрсетуге басты бағдар сілтесе, нота сауаты тікелей оны түсінуге септігін тигізу қызметін атқарады.
22-билет
1.Педагогикалық менеджмент туралы ұғым. Мектеп басшыларының қызметі.
«Менеджмент» - ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның «манус» , яғни «қол,күш» -деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып , адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрстеіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:
• білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын, уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;
• білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға және қоғамның рухани, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;
• оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа – еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.
Мектеп басшының бағдарламасы
• Мектепке жалпы басшылық ету.
• Мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару.
• Жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру.
• Мектеп жұмысын жоспарлау.
• Оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату.
• Ата- аналар комитетінің жұмысын қадағалау.
• Мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау.
• Оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау.
• Мектеп кітапханасымен жұмыс.
• Мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау.
• Мектептің бақылау жүйесіне басшылық жасау.
• Мектеп директоры жанындағы мәжілісті жеткізу.
• Мектеп асханасымен жұмыс.
• Демеуші мекемелермен байланыс орнату.
• Баланың қамын орындау.
• Техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау.
• Халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет