1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


)Мұнай мен газдың компоненттерін бөлу әдістері және құрамын зерттеу



бет7/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

2)Мұнай мен газдың компоненттерін бөлу әдістері және құрамын зерттеу.

Мұнай мен газдың компоненттерін бөлудің химиялық және физикалық


әдістері белгілі. Химиялық әдіс бөлінетін компоненттердің әртүрлі
реакциялық қабілеттеріне негізделген, ал физикалық әдіс (физика–химиялық
әдістер деп те атайды) көп компонентті жүйе мен бір фазалы жүйенің
концетрацияларының айырмашылығына негізделген (кесте 4.1).
Физикалық әдістерді шартты түрде жай және күрделі деп бөледі. Жай
физикалық бөлу әдістері деп шартты түрде белгілі бір бір фазада орналасқан
бөлінетін көмірсутектердің концетрацияларының өзгеруі тек олардың
жүйесіне энергияның әсер етуі арқылы жүзеге асатын бөлу әдісін атайды. Ал,
күрделі физикалық бөлу әдістері деп – фазалар құрамының айырмашылығын
арттыратын қосымша белгілі агенттер (селективті еріткіш, адсорбенттер және
т.б.) қатысында жүзеге асатын әдістерді атайды. Физика–химиялық әдістерге
сонымен қатар, әртүрлі хроматографиялық бөлу әдістерін де жатқызады.
Мұнайдың құрамын зерттеу жұмыстарының 50 жылдық тәжірибесінің
нәтижесінде арнайы әдістемелер шығарылды. Алдымен, мұнайда еріген
газдардың құрамын және мөлшерін (С4-ке дейін газдар) анықтайды, сонан
соң оларды сусыздандырады және тұзсыздандырады, негізгі константыларын
(тығыздығын, сыну көрсеткішін, молекулалық массасын, әртүллі температурадағы шығымын, қаныққан булар қысымын, парафиннің
мөлшерін, шайырлар мен асфальтендердің элементтік құрамын) анықтайды.

Айдау


Мұнайдың және оның өнімдерінің компоненттерін молекулалық
массалары бойынша бөлудің маңызды әдістеріне айдаудың және
ректификацияның бірнеше түрлері жатады. Мұнайды талдаудың кез-келген
нұсқасы атмосфералық қысымда немесе вакуумда фракцияларға айдау
арқылы жүргізіледі.
Құрамында С20 және одан жоғары көмірсутектері бар фракцияларды
зерттеу кезінде молекулалық айдау қолданылуы мүмкін. Қарапайым әдіспен
айдау кезінде қыздырып жатқан сұйықтың бетінен буланған молекулалар бірбірімен түйісіп, бір бөлігі кері қарай сұйықтың бетіне конденсацияланады,
сондықтан оны қайтадан буландыруға, жүйенің температурасын көтеруге
қосымша энергия жұмсалады. Молекулалық айдау терең вакуумда (қалдық
қысым ˂0,1 Па) жүргізіледі; булану беті мен конденсация арасы
молекуланың бос қозғалыс ұзындығынан төмен – 10-30 мм тең болады. Бұл
жағдайда буланған молекулалар бір-бірімен түйіспейді және конденсаторға
аз энергия шығарып жетеді. Нәтижесінде заттарды өзінің қайнау
температурасынан төмен температурада айдап алуға мүмкіндік туады.

Адсорбция

Мұнай және оның өнімдерінде кездесетін кейбір класс қасылыстарын
бөліп алу адсорбенттерде жақсы жүреді. Қатты адсорбенттердің құрылысы
оның бетінде қуатты күштер өрісінің жинақталып бағытталуына мүмкіндік
береді.
Таңдамалы еріткіштерде алкендер алкандарға қарағанда жақсы ериді,
яғни оларды экстракция әдісімен бөлуге зор мүмкіндік туады. Алайда
полюсті ерітінділерде көмірсутектердің еруі гомологиялық қатарда
молекулалық массалардың ұлғаюына қарай нашарлайды. Сондықтан, кең
фракциялық құрамдағы қоспаларда алкендер мен алкандардың ерігіштігі
бірін-бірі жауып, экстракция арқылы бөліп алуға іс жүзінде мүмкін болмай
қалады. Адсорбциялық әдісті қолдану бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Мұнай фракцияларын қосылыстар топтарына бөлу үшін адсорбенттер
ретінде силикагель, белсендірілген алюминий оксиді, белсендірілген көмір
қолданылады.

Кристаллдану



Кристаллдану әдісі қоспадан балқу температурасы ең жоғары белгілі
компонентті немесе компоненттер тобын бөліп алуда қолданылады.
Кристалдануды майлағыш майлар өндірісінде депарафиндеу әдісі ретінде
және п-ксилолды басқа ксилолдар мен этилбензол қоспасынан бөліп алуда
қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет