1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері



бет2/21
Дата10.10.2023
өлшемі111,1 Kb.
#184490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері-emirsaba.org

2.Вокализм жіктелімі:
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай былай жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы,(у). 2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и, (у).
Ә.Жүнісбеков дауысты дыбыстарды жасалу орнына қарай тіл ортасы тіл арты деп бөледі.
Тіл ортасы Ә, Е, І, Ө, Ү. Тіл арты А,Ы, О, Ұ
Еріннің қатысына қарай:
1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. 2. Езулік (лингваль) дауыстылар: а, ә, е, и, ы, і.
Жақтың қатысына қарай:
1. Ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө. 2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, (у).
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былай жіктейді:
1. Ашық дауыстылар: а, ә. 2. Жартылай ашық: о, ө, е. 3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ал, о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына құранды дыбыстар деп бөліп қарайды


2 билет
1: Дыбыс туралы ұғым.Дыбыстау мүшелеріне сипаттама
Дыбыс фонетиканың ең кішкентай бірлігі ,мағынасы жоқ белгілі бір тілдегі фонемалардың тіркесуі арқылы мағына құрай алады.Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер:өкпе,кеңірдек,дауыс шымылдығы,көмей,ауыз қуысы,мұрын қуысы,тамақ қуысы,тіл,кішкентай тіл,тіс,ерін,таңдай,жақ т.б.Бұларды сөилеу аппараттары деп атайды.Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы тіл және ерін қызметінің орны ерекше.Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып тұрады.Керілген кезде ауаның әсерінен дірілдейді де одан үн пайда болады.Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды.Дауысты дыбыстар тон арқылы жасалады ал дауыссыз дыбыстар да тонның дәрежесі әр түрлі болады.Үнділерде көбірек,ұяңдарда жартылай ғана болады ал қатаңдарда тон мүлдем болмайды.Дыбыстау мүшелері актив және пассив екіге бөлінеді.Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл қозғалыс жасайды.Олар:тіл, ерін, жұмсақ таңдай,дауыс шымылдығы,бөбешік жатады.Ал пассив мүшелер онша қызмет атқармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет