1 Билет.(Махерам) Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі


Дене тәрбиесі бойынша оқу процесінің жылдық жоспар-кестесін әзірлеу технологиясы



бет2/15
Дата15.05.2023
өлшемі47,3 Kb.
#176758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
БИЛЕТ жауаптар ҚАЙСАР

2. Дене тәрбиесі бойынша оқу процесінің жылдық жоспар-кестесін әзірлеу технологиясы.
2. Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді: 1. Ұйымдастыру жұмыстары. 2. Оқу жұмыстары. 3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары. 4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары. 5. Үгіт- насихат жұмыстары. 6. Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер. 7. Шаруашылық жұмыстары. Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениеті ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.


3. Қозғалыс техникасының кезеңдері мен фазалары.
3. жаттығулардың техникасы деп қимыл –қозғалысын орындаудың ең тиімді әдісін айтады.
Тиімділік оқушы организміне ең қолайлы әсерінен /мысалы,тұлғаны дамытуға, шынықтыруға қажет бұлшық ет топтарына әсер ету/ және қимылдық нәтижелігінен /мысалы,қарғу қашықтылығымен /көрінеді.
Бірдей қимылдарды әртүрлі әдіспен де орындауға болады,бірақ оның ең қолайлысын ғана орындау техникасы деп атайды.Мысалы,әртүрлі әдіспен жүзуге болады /кроль,брасс,т.б./ бірақ кейбіреулер классикалық әдісті игермей –ақ жүзе алады.Бұл жағдайда біз «жүзу техникасын игермеген» дейміз.
Дене жаттығуларының техникасы дегеніміз ізденудің,ғылыми анализдің және спортшының қимылды орындау әдісін практика жүзінде тексеруден өткен нақтылы нәтижелері деп түсінеміз.
Стандартты техника дегеніміз шынығушылардың ең қолайлы негізде керекті қимылды орындауды көрсететін техника деп білеміз.Стандарттық техника орындауды көрсететін техника деп білеміз.Стандартты техника қимыл негізін көп өзгерістерге ұшыратпайды және орындалатын жаттығулардың кейбір элементтерін орындауда ауытқу мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды.
Техниканың жекелілігі екі бағытта жүзеге асырылады:жалпы адам тұлғасының және адамдардың жеке тобының дене дайындығына байланысты стандартты техника деңгейінде өзгеру енгізетін кездегі типтік жекелілік жолымен,немесе адамның жеке ерекшеліктерін ескеретін дербес жекелілік жолымен жүзеге асырылады.Спорттық-техникалық шеберлік дәл сол дербес жеке техниканың жоғары дәрежесін бейнелейді.Әдетте, практикада бұл «өз стилі» деп сипатталады.

Құрастырған арнайы пәндер оқытушылары: К.Килыбаев, Е.Данабеков


_______________________________________________________________
Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық
мамандандырылған мектеп-интернат колледжі

5 Билет (Қалжан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет