Пәні:Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі 1 Дене тәрбиесі әдістері. Дене тәрбиесінің жалпы педагогикалық әдістері. Дене тәрбиесінің әдістері. Әдіс, әдістеме, әдістемелік тәсіл ұғымдары. Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактиқалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері.
Ойын және жарыс әдісі. Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдіс деп аталады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз.
Жаттығу кезіңде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң шектелген жаттығу әдістері деп атаймыз. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді : 1. қимыл - әрекетке үйрету және дене қуаты қасиеттерін жетілдіру. Қимыл - әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасы негізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.
Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау, қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері. Сөз қолдану әдісі. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады. 2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады. 3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған. Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі, қимыл көрнекілігі әдістері қолданылады.