дүкенде сатып алуға болатын кез келген тауар – азық-түлік, киім, техника және т. б.
В2С қызметі
бұл сіз өмір бойы үнемі алатын қызметтердің кез келген түрі – шаштаразға бару, курстарда оқу, салтанатты іс-шарадағы фотограф қызметі, егер сізге сенімхат немесе ата-аналардан шетелге шығуға рұқсат алу қажет болса, нотариус қызметі және т. б.
В2В тауары
кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып–түю, кез келген полиграфиялық қызметтер-компанияларға арналған заттаңбаларды, визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автомобильдер мен техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер салатын кірпіш өндірісі және т. б. жатады.
В2В қызметі
бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін көрсетілетін кез келген қызмет. Оған өзіне белгісіз нарыққа шыққалы жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін консультациялық қызметтерді, бизнеске арнап сайттар жасайтын веб-студияларды, банктерді, зерттеу институттарын және т.б. жатқызуға болады.
В2G тауары немесе қызметі
қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.
4-тапсырма «Дұрыс команда» дегеннің не екенін талқыламай тұрып осы анықтаманы өзіңіз түсіндіріп көріңіз. Ұсынысты жалғастырыңыз: «Дұрыс команда–бұл...».
«Дұрыс команда -бұладам саны емес, кәсіпқойлардың сапасы шифрланған. Командада тек бірнеше адам болуы мүмкін, бірақ олар 10 және одан да көп қатысушы басқа командаға қарағанда өнімді жұмыс істей алады.Тек дұрыс команда жинау арқылы қазіргі бизнес әлемінде маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Егер бизнесті механизм ретінде елестетсек, онда оның жұмыс тиімділігі үшін оның құрамдастары өздерінің жеке міндеттерін жақсы орындауға міндетті. Осы қағидат бойынша бизнес-команда құрылуы тиіс.Сіз өз айналаңызға қандай да бір салада өзіңізден де артық білімі бар кәсіпқойларды жинаудан қорықпаңыз. Дәл солай болғаны дұрыс! Есіңізде болсын: бәрін өз күшіңізбен жасамауыңыз керек! Ол үшін бизнес-команда бар. Бизнесменнің аса маңызды қасиеттерінің бірі - өз айналасына кәсіпқой адамдарды жинай білу, оларды біртұтас, үздіксіз жұмыс істейтін механизм ретінде әрекет ететіндей ортақ мақсатқа жұмылдыра білу. Тек сонда ғана сізге моральдық қана емес, қаржылық қанағат әкелетін табысты стартап басталады.Статистикалық мәліметтерге сәйкес, стартаптардың басым бөлігі дұрыс бизнес-команданың болмауынан күйрейді. Өте жақсы бизнес-жобаны бір адамның іске асыруға тырысуы - одан да жаман әрекет. "Жалғыздың үні шықпас" деген қағиданы бизнесте де ұстану керек. Көзге көрінетін нәтиженің жоқтығына қоса үлкен жүктемені көтеріп кету сізге қиынға соғады.Алдымен команда оның негізін қалаушы адамға (адамгершілік, темперамент, жылдам әрекет ету және т.б. бойынша) ұқсас адамдардан тұруы керек деп айлауыңыз мүмкін. Алайда, шын мәнінде мұның тек бір ғана артықшылығы бар – мұндай команданы басқару оңай. Шын мәнінде мықты команда көзқарастары мен нанымдары, өмірлік ұстанымдары, мінез-құлықтары, өзекті әдеттері мен құндылықтары әртүрлі адамдардан тұрады.Тәуекел сақтықпен, оптимизм – пессимизммен, креатив – прагматикалықпен, салақтық – әкімшіліктік мүмкіндіктермен толықтырылуы тиіс. Мұндай әртүрлі адамнан құралған командада тамаша, орташа, біркелкі, қуатты шешімдер қалыптасады. Көшбасшының негізгі міндеті-байланыстырушы буын ретінде әрекет ету және шешімдерді шоғырландыру.