2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған? [1]
Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
А) Үш қиян
В) Сарыарқа
С) Әттең, қапы дүние-ай
D) Қазтуған
3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды? [1]
А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі
В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы
D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы
4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды? [1]
А) Екі жастың елден қашуымен
В) Жастарды өлтіру шешімімен
С) Еңлік пен Кебектің өлімімен
D) Ақынның түйінді ойымен
5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді? [1]
А) ел жақсыларын
В) орыс ақындарын
С) ағартушы Ыбырайды
D) кемеңгер Абайды
Достарыңызбен бөлісу: |