1 CӨж тақырып: Жеңіл атлетика спорт және дене тәрбиелеу құрал ретінде



Дата07.02.2022
өлшемі16,07 Kb.
#85460
Байланысты:
1 срс
6срс

1 CӨЖ


ТАҚЫРЫП:Жеңіл атлетика спорт және дене тәрбиелеу құрал ретінде

Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор. Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді. Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді.


Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы. Қозғалмалы әрекеттерді оқытуда келесідей әдістемелік принциптер қолданылады: саналылық немесе белсенділік, жҥйелілік, кезектілік, біртіндеушілік, жекелік.
Саналылық және белсенділік принципі.
Үйретілген қозғалмалы әрекеттердің техникасымен әбден жетілгенше меңгеру үшін жаттығушы қиындықтар мен сәтсіздіктерді жеңіп, соңғы мақсатын,сонымен қатар кезеңдік мақсаттарға жету үшін өзінің қабілеттерін мақсатқа сай қолдану қажет. Үйрету процесі онда жаттығушының белсенді түрде қатысуынсыз мүмкін емес, немқұрайлы, ал соның ішінде жалқауды үйрету мүмкін емес. Белсенділік оқылатын материалдың саналылығын түсіндіреді: қозғалыстың әрбір элементінің мағынасын тҥсіндіру, қателерді талдау және оларды жою
жолдарын іздеу. Мынаны есте сақтау қажет, үйрету процесінде
жаттығушылардың пайымдастырушылығына және тәртіптілігіне
негізделеді. Жаттығушыларға ерік беріп, педагог оларды үйрету
процесін бақылау, байланыстыру және реттеу қажет.
Көрнекілік принципі – техниканың сол немесе басқа да бір
элементтерінде әрекеттің белгілі бір тҥсінігі мен тҥрін қҧру,
қозғалыстың сыртқы бейнесін пайымдау және қозғалыстың қара-
пайым механизмдерін анықтау. Үйретілген қозғалмалы әрекеттің түрі тек қана көрермендік қабылдауды емес, сонымен қатар дыбыстық және сезім мүшелерін талдаушы сезу есебінен құрайды. Орталық жүйке жүйесінде әрекеттердің сөздік бейнеленуімен осы сезу жиынтығы қозғалмалы әрекеттің толық бейнесін құрайды. Мынаны есте сақтау қажет, бір адам көру арқылы, ал екіншісі – дыбысты талдау арқылы жақсы қабылдайды.Осылай қозғалмалы әрекеттерге үйрету кезінде олар алдыңғы әрекеттермен жағымды қозғалысты сақтауды қалпына келтіру үшін олардың арасында уақыттың тиімді ұзақтығы және тиімді қайталымына ие болуы қажет. Мынаны есте сақтау қажет, яғни үлкен дәрежеде үлкен жүктелімнің зерттейтін қозғалмалы әрекеттері бҧлшықеттің жҧмыс қабілеттілігіне, қиын техникалық әрекеттер мен қозғалмалы әрекеттер психологиялық жұмыс қабілеттеріне және ең алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Қозғалыс әрекеттің техникасын оқыту кезінде алдында техникамен жақсы меңгеру ҥшін қажет етілетін сол немесе басқа дене
сапасын дамытудың белгілі бір деңгейіне дейін әкелу қажет.
Сондықтан жаттығушының дене дамуына сәйкес келетін жаттығуларды оқу үшін таңдау қажет. Оқыту процесі кезінде дене жҥктемесін қолданумен және оқылатын қозғалмалы әрекеттердің техникасын қиындатумен тікелей байланыстысы біртіндеушілік принципі. Шамадан тыс жүктеме жаңадан келген үйренбеген ағзаға
жағымсыз әсер ететінін есте сақтау қажет, сондықтан ол үшін тиімді жүктемені таңдау қажет. Тиімді жүктемені таңдау қиындығы жүктеме мөлшері көптеген факторларға байланысты екендігінде болып табылады: спортшының жынысы, оның жасы, дайындық деңгейі және т.б.
Бірдей біркелкі әрдайым қолданылатын жаттығулар оларға
ағзаның бейімделуді тудыратынын ҧмытпауға болмайды, сондықтан оларды орындау тиімділігі төмендейді. Қозғалмалы диапазонды кеңейту ҥшін, негізгі міндетті шешуге бағытталған құрылымы бойынша ұқсас, әртҥрлі жаттығуларды қолдану қажет. Жүктеменің көлемі немесе қарқындылығы бойынша кезектестіру қажет, біртіндеп оны жоғарылатып, оның ағзаға үйренуі болуы қажет. Оқу процесінде біртіндеушілік процесі тік сызықты өспелі
сызықпен, яғни секірмелі тәріздес қозғалыстар мен сатылылықтың
болмауы ҥшін жүзеге асырылуы қажет. Біртіндеп бір өңделген
бөлшекпен кейінгісіне көшу. Кейде алдымен бөлшекке қайтып келу, қозғалыстың оқытылмаған немесе аз меңгерілген элементтерін өткізбеу қажет. Біртіндеушілік принципінің негізгі қағидасы осындай. Кейде алдыңғы қозғалыстың қатесі, кейде азғантай, кейінгі қозғалыста қатаң қатеге әкеледі немесе жаппай қозғалмалы әрекет техникасында көрінеді.
Жеңіл атлетика адам ағзасына оң әсер етеді. Бірақ жеңіл атлетика түріне байланысты оның әсері әр адамға әртүрлі нәтиже беруі мүмкін. Ескеру керек, әуесқой және кәсіби жеңіл атлектика екі түрлі нәрсе. Әуесқойлар көбіне жүгіру, жүріс сияқты бұқаралық спорттарды таңдайды.
Жеңіл атлеткамен айналысатын спортшының шыдамдылығы берік, жылдамдығы жоғары, денесі иілгіш, координациясы мықты болады. Бұл спорттың ағзаға пайдасының барлығын тізіп шығу қиын. Жүгірумен айналысатындардың ағзасында зат алмасуы, қан айналымы жақсарады, серотонин немесе бақыт гормоны бөлінеді, көңіл-күйі әрдайым жақсы жүреді, депрессияның қандай да бір белгілері жойылады.

Пайдаланылған Әдебиеттер
. Ю. Тілеуғалиев Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі А «Атамұра» 2003ж
2. Ю. Тілеуғалиев., Қ. Адамбеков., С. Қасымбекова Дене тәрбиесі 7 сынып. А. «Атамұра» 2003
3. С. Қасымбекова., Д. Мырзахмед. Дене тәрбиесі сыныптан тыс жұмыстар. А. «Атамұра» 2001
4. Э. Тлеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі». Шымкент 2003.
5. С. Тайжанов А. Кулназаров. «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет