1 Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет ІІ тарау Деңгейлік саралап оқыту 29 бет



бет1/2
Дата22.06.2017
өлшемі463,51 Kb.
#19522
  1   2
МАЗМҰНЫ

І Кіріспе

Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру 3 бет

І Тарау 1.1. Проблемалы оқытуды оқу үрдісіне енгізудің кейбір мәселелері 8 бет
1.2. Дамыта оқыту белсенділікті арттырады 22 бет
ІІ Тарау

2.1. Деңгейлік саралап оқыту 29 бет

2.2. Тіл үйретудің тиімді тәсілі 33 бет
Қорытынды 45 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 48 бет

КІРІСПЕ

Жаңа технологиямен оқыту идеясын жүзеге асыру

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.


Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.


Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.

Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Высоцкийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологтялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез-келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.

Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуна қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.

Даму дегеніміз материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі кельетінде тұрады деп тұжырымдайды З.Кариев.

Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асатындығын талай ғалымдар дәлелдеген.

Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық әрекет – репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бұл іс-әрекет алдын-ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.

Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс атуып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде Дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко.

Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Даниил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.

Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.

Академик В.П.Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.

Профессор Б.Д.Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни, дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.

В.С.Лазарев ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.

Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теорисын толық қолдануға мүмкіндік бар.

А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.

Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.

1.1. Проблемалы оқытуды оқу процесіне енгізудің кейбір мәселелері
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік дейгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тәрбие мектептерінде білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды және кейбір қажетті дағдылар мен ебдейліктер деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту мен балама оқыту әдістемеліктерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе – қайсысынан қандай элементтер , қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.

Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқыту жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.



Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.

  1. Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.

  2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі керек.

  3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік жағдаятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

  4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

  5. Сырттағы білімді іштегі білімге алиастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.

  6. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім терңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет