Байланысты: Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Әдістеменің мақсаты: Сөз-мағыналық ойлауды бағалау.
Жабдықталуы: “Ерекше сөз” әдістемесінің бланкісі сыналушылардың заттың мәнді белгілерін бөліп, талдап қорыту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Әдістеме 15 сериядан тұрады, әр серияда - 4 сөз бар (қосымша А.1) Зерттеушінің сыналушы жауабын тіркейтін хаттама (қосымша А.2) және секундомер қажет.
Жүргізілетін жолы: жұмыс баламен жеке-дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмысты орындауға ынтасы бар ма, көңіл-күйі қандай дәрежеде екенін біліп алу өте маңызды. Сыналушылардың орындайтын ісі келесі нұсқау бойынша түсіндіріледі [10].
“Берілген әр сериядағы 4 сөздің үшеуі қандай-да бір шамада бір түбірлес ұғымдар және оларға тән жалпы сипаттарына орай бірігуі мүмкін, ал бір сөз бұл талаптарға көнбейді. Берілген қатарға мазмұны сәйкес келмейтін сөзді тығып тастаңыздар. Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек”.
Егер сыналушы нұсқауды түсінбесе, бір-екі мысалды орындап көрсетуге болады, бірақ эксперимент бланкісін өзгесін алу керек. Бала жұмыс барысын толығымен түсінгеннен кейін, өз бетінше ерекше сөзді тауып сызады. Зерттеуші баланың тапсырманы орындау барысын және уақытын хаттамаға тіркеп отырады.
Нәтижені өңдеу.
1. Тапсырма балдық көрсеткішпен анықталады: кілтке тура келсе (Қосымша-А.1), дұрыс жауап болып есептеліп - 2 балмен, ал дұрыс емес жауап 0 балмен есептеледі.
2. Тапсырманы орындауға кеткен уақытпен оны теңелту, салыстыру балдары саналады.
3. Сөз мағыналық ойлаудың интегралдық көрсеткіші /А/, өнімділігінің көрсеткіштерінің қосындысы /В/ және уақытқа теңелту балдары /Т/ мынадай формуламен есептелінеді: АВ+Т.
4. Сөз мағыналық ойлаудың сынып арасындағы өзгешеліктерін анықтау үшін оларды өлеулік көрсеткшітермен анықтаймыз. Өлшеулік көрсеткіштердің ең жоғарғысы 19 балдық бағалаумен есептеледі.
Сыналушы М.А., 1 к сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 796 секунд уақыт жіберген. - оны кесте бойынша балға теңелткеде - 10 балды алған, ал дұрыс жауабы 20 бал. А10-64б, А4б өлшеулік көрсеткіш: 2 балдық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін бұл сынаушының жұмысы 9 балдық бағалауды көрсетеді.
Сыналушы И.К., 2 к сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 514 секунд уақыт жіберген. - оны кесте бойынша балға теңелткеде - 12 балдық бағалауды берген, А12-66, А6б өлшеулік көрсеткіші: 4 балдық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін, бұл сыналушының жұмысы 10 балдық бағалауды көрсетеді.
Ойлауды рефлексивтілігі міндеттерді шешуде өте тиімді деген жолды таңдауға және ойлау әрекетін жылдамдатуға көмектеседі. Оқыту әрекетінде ойлау процесінің рөлі орасан екендігі белгілі. Ойлау ерекшелігі дамуының жоғарғы деңгейі, яғни ойлаудың рефлексивтілігі оқытып-білім беру құрылымына ене отырып, талдау амалын тездетіп жылдамдатады және сипаттарды жалпылауды жеңілдетеді. Ойлаудың рефлексивтілігі адамның өзінің ойлау әрекеттерін бақылау және бағалау функциясын атқарады. Әрі сол уақытта бұл ойлау ерекшелігі адамның өз қателерін табуға, міндеттердің шешілуінің жаңа жолдарын дұрыс іздестіріп, оны бағалауға мүмкнідік береді. [3].