1. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері 5



бет11/11
Дата15.02.2022
өлшемі491,63 Kb.
#131816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Мақсаты: жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.
Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жүрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.
Субтесте бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген. Қабілекттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дү-рыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі. Олардың ережесі: «Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандайда бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. Уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады» [21].
Нәтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.
Мәдени-еркін интеллкт тесті
Интеллектуальдықтың даму деңгейін анықтауға арналған, қоршаған орта факторларының әсерінен тәуелсіз (мәдениет, білім және т.б.), «таза» интеллектілік. 1958 жылы Р.Кэттелл дайындаған. Бүл тест үш вариантта жүргізіледі.
а). 4-8 жастағы балалар мен ақыл-есі артта қалған ересектерге; б). 8-12 жастағы балалар мен жоғары дәрежедегі білімі жоқ ересектерге (екі паралелді формасы бар А және В);
в). жоғары класс оқушылары мен студенттерге және жоғары білімді ересектерге (екі паралелді формасы А және В).
Тестің бірінші варианты 8-субтестен түрады, оның төртеуі автордың қарастырған «мэдениет ықпалынан еркін» тесті: 1). «орналасу»; 2). «жіктелуі»; 3). «аталған пәндерді таңдау»; 4). «лабиринт»; 5).«бөлшектері кем картинкалар»; 6). «тапсырмалардың орындалуы»; 7).«жұмбақтар»; 8). «ұқсастылығының анықталуы». Барлық тапсырмаларды орындалу уақыты 22 минут.
Екінші, үшінші варианттар 4 субтестен құралып, тек деңгейлерінің қиындықтарымен ерекшеленеді.
- фигураның қатар бойынша орналасу заңдылықтардың өзгеруі;
-«Классификация»-фигураның жалпы көрінісімен ерекшеленеді;
- «матрицалар»-фигураның комплект бойынша толықтырылуы;
- «шарт»- фигураны алғашқы анықталған орындарына орналастыру (берілген бейнелердің ішінен белгілі бір суретті таңдап соны бір нүкте бойынша бақылауы шарт).
Берілген тапсырмаларды орындау уақыты 12 минут. Мэдени-еркін интеллект тесті өзімен бірге жылдамдылықты қажет етеді, бірақ орындау уақыты шектелген түрде қолданылуы мүмкін. Тестің 2 және 3 варианттарының қорытынды бағалары таблица көмегімен процент ретінде анықталады. Р.Кэттел бүл тесттен жалпы қабілеттерді де өлшеген. Кэттелдің пікірінше, түрлі мәдени тапсырмалардан алынған мэдени-еркін интеллек тестің көмегімен алынған мэдениеттерге, толығымен өзімен сәйкестенеді [24].

ҚОРЫТЫНДЫ


Біз өз зерттеу жұмысымызда осы салада пайдаланатын ұғым, түсініктердің мәнін ашып, өзектілігін дәлелдедік. «дарын», «дарындылық», «қабілеттілік» тағы басқа ұғымдарға дара тоқталдық.
Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де, осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасы жоқ. Дарындылықтың пайда болу туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық.
Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген, және дағдарысы мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар. Дарныдылық нәресте шақтан пайда болады, ол үнемі дамытуы қажет етеді.
Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы түрі жағынан бірлескен-диалогтық, ал мазмұны жағынан танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты дарынды баланың жеке тұлғалық дамуы жүреді.
Қабілетті біріккен іс-әрекет контекстінде субъект - убъект қатынасы ретінде қарастыру ғана, нышандардың дарындылыққа айналу механизмдерін түсіндіруге көмек береді.
ХХІ ғасырдағы білім беру дарынды балаларды айқындау мен диагностика ұйымдастырудың жаңа жолдарын талап етеді. Баланың дарындылығын айқындау, дамыту мәселесі нақты көрінетін, баланы қарқынды физиологиялық, интеллектуалдық шағына сәйкес келетіндігін, әрі этникалық аспектіге негізделетінін білдік. Дарынды баланың психикалық даму деңгейін анықтап, жалпы және арнайы қабілеттілігінің даму мүмкнідіктерін аштық.
Дарынды баланың дамуындағы кедергілер анықталды.
Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көпжақты, көп құрылымды, көп сипатты мазмұнды да, мәнді де, құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.
Әдебиеттерге шолу жүргізу, бізге дарындылық мәселесін әр түрлі көзқараста жүргізуге көмектесті. Берілген жұмыста дарындылықтың оқушыларда қалыптасуы мен дамуына көңіл бөлінді. Бұл зерттеу жұмысы дарындылық проблемасы бойынша көптеген сәйкес жұмыстарды толықтырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
[1]. «Педагогика». Қоянбаев Ж, Қоянбаев Р Алматы 2000 ж
[2]. «Дамыта оқыту технологиялары». Тұрғанбаева Б. А. Алматы 2000 ж
[3]. «Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Жанпейсова М. М. Алматы, 2002 ж
[4]. «Бастауыш мектеп» журналы 2001, 2002 ,2003, 2004, 2005 ж
[5]. «Білім берудегі менеджмент». «Қазбаспасµз» 2004 ж
[6]. «Ұлт тағылымы». Ғылыми педагогикалық басылым. Алматы 2004 ж
[7]. «Білім». Ғылыми педагогикалық журнал. Алматы 2002 ж
[8]. Ә. Бидосов. «Математиканы оқыту методикасы». Алматы «МЕКТЕП» 1989 ж
[9]. М. Жұмабаев. «Педагогика» Алматы. «МЕКТЕП» 1989 ж
[10]. М. И. Мұханов. «Жас және педагогикалық психология» Алматы. 1982 ж
[11]. Т. М. Баймолдаев, Қ. Ахметұлы. «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру мен тәрбие беру жолдары» Алматы. 2003 ж
[12]. Т. М. Баймолдаев, Т. М. Мәжікеев. «Білім стандарты» Алматы. 1999 ж
[13]. Ж. Р. Шорманов. «Жаңа технология - заман талабы». Алматы «Білім» 2004 ж
[14]. Баймұханов Б. Б. «Математика есептерін шағаруға үйрету» Алматы «МЕКТЕП» 1983 ж
[15]. Шәкілікова С. Е. «Негізгі мектептегі математикакурсының мазмұнын жаңарту» Алматы. «Дәуір» 1997 ж
[16]. Сарбасова Қ. А. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлығын қалыптастыру» Алматы. 2000 ж
[17]. Қожабаев К. Ғ. «Математиканы оқытуда оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру» Алматы. 1992 ж
[18]. Әлдібаева Т. Ә. «Математика курсын оқытуды ізгілендірудегі мазмұнды есептердің мүмкіндіктері» Алматы. 1999 ж
[19]. Оспанов Т. Қ. Т.б. «Математика». Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныбына арналған оқулық - Алматы . Атамұра баспа корпорациясы. 1997 ж
[20]. Лысенкова С. Н. «Оқуға жеңіл болғанда». «Педагогикалық ізденіс». Алматы «Рауан» 1990 ж
[21]. Қожаева С. К. «Оқу-тәрбие процесіндегі ізгілік қасиеттерінің жүйелік негіздері және оларды қалыптастыру жолдары». Тараз 2000 ж
[22]. Ералиева М. «Оқыту технологиясын ізгілендіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру». Алматы 2000 ж
[23]. Ералиева М. «Математиканы оқытуды ізгілендіру» Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003 ж
[24]. Жазықбаева Ұ. П, Тажиева Ж. А. «Жаңа адамды жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» Шымкент 2001 ж
[25]. «Математика» оқулығы Алматы. Атамұра 1-2-3-4 сыныптар 2002 ж
[26]. Ахметов С. «Бастауыш сыныптарды білім берудің тиімділігін артыру жолдары» Алматы. «Рауан» 1994 ж
[27]. Құрманалина Ш. Х, Сәрсенбаева С. Ш, Өміртаева Р. Қ. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Алматы. «Атамұра» 1997 ж
[28]. Оспанов Т.Қ, Өтеева Қ.Ә, Қайыңбаев Ж.Т, Ерешова Қ.Ә. «Математьиканы оқыту әдістемесі» 1-сынып Алматы «Атамұра» 1997 ж
[29]. Айнабеков Т. «Мамандыққа кіріспе» Алматы «Ана тілі» 1990 ж
[30]. Ыбыраиымжанов Қ, Жолсейітова М. «Педагогикалық практика-болашақ мұғалім даярлаудың µзегі», «Хабаршы» журналы 2002 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет