28 сұрақ. Электрофильді орынбасу (δ - комплекс) механизмі
Органикалық реакциялар бейорганикалық реакциялардың заңдылықтарына бағынғанымен, біраз ерекшеліктері де бар. Органикалық реакциялар, негізінен, молекулалардың арасында жүреді. Сондықтан иондар қатысатын бейорганикалық реакциялардай емес, органикалық реакциялар баяу жүреді. Оларды тездету үшін өршіткілер (катализаторлар) пайдаланылады және қажетті жағдайда температура мен қысымды жоғарылатады. Осындай себептерден органикалық реакциялар өнімінің шығымы төмендеу болып, қосымша заттар түзе жүреді.
2 Оң зарядты бөлшектер электрофильдер ("электронға ынтық" деген мағынаны білдіреді) немесе электронакцепторлар деп аталады. Электрофильді реагенттерге катиондар мен бөлінбеген бос орбитальдары бар молекулалар жатады, мысалы:
Н+, Н3O+, Cl+, +NO2, +SO3H, R+, АlCl3, ZnCl2
Бұл реагенттер қатысында жүретін реакциялар электрофилъді реакциялар (орынбасу, қосылу) деп аталады. Әрекеттесетін молекула электрондонорлық қасиет көрсетеді. Электрофильді орынбасу (SR) реакциясының мысалы:
Арендер – қосарланған тұйық жүйелер. Олардың π-электрондары делокализацияланады да, молекуланың термодинамикалық тұрақтылығы жоғары болып келеді. Сондықтан арендер электрофилді орын басу SЕ реакцияларына түседі. Реакция механизмі төмендегі сатылардан тұрады:
π-Комплекcтің түзілуі.
π-Комплекcтің σ-комплекске өтуі.
Протонның тез үзіліп, σ-комплекстің тұрақтануы.
Достарыңызбен бөлісу: |