1 дәріс 18. 09. 19 Дәрістің тақырыбы



Дата19.11.2019
өлшемі69,5 Kb.
#52062
Байланысты:
4дарис

1 дәріс 18.09.19

Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». Медициналық апат пәнінің мақсаты. ТЖ-ғы халықты тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

адамның өзі;

өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат,еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

Шыққан тегі бойынша:

техногендік әсер ету;

антропогендік;

тұрмыстық;

спорттық;

жол-көліктік.

Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі.

2 дәріс 25.09.19

Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттағы ТЖ-да халыққа көмек көрсетудің медициналық қызметінің міндеті, принципі, ұйымдастырылуы

Медициналық алғашқы жәрдем отряды негізгі жылжымалы медициналық құрама болып табылады және ең алдымен зақымданғандар мен науқастарға медициналық жәрдем көрсету үшін арналған.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарының мақсаты:

-дәрігерлердің медициналық эвакуациялаудың алғашқы сатысында зақымдану зардабын жоюға, зақымданған адамның өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда, ауруы асқынғандарға профилактикалық көмек және зақымданғандарды эвакуациялауға дайындауға бағытталған емдеу-профилактикалық шаралар кешенін орындау.



Алғашқы дәрегерлік көмек- жарақат алған жерде зардап шеккен адамның өзі немесе басқа адаммен қолында бар құралдарын пайдалана отырып, адамның өміріне қауіп төндіретін зақымдану зардабын жою және ауруын ары қарай асқындырмай алдын алу мақсатында көмек көрсетуде қолданылатын қарапайым медициналық шаралар кешені.

Санитарлық пост(СП), ол 4 адамнан тұрады (посттың бастығы және 3 пост мүшесі)

Санитарлық жасақ (СД), 24 адамнан құралады-жасақтың командирі, саяси жетекші, байланысшы, автокөлік жүргізуші, 4 адамнан тұратын 5 звеноға біріктірілген санитарлық жасақшы әйелдер.



Санитарлық жасақтар отряды (ОСД), ол 4-5 санитарлық жасақтардан және отрядты басқару тобынан тұрады. Отрядтар біріңғай міндеттерді орындайтын бірнеше санитарлық жасақтарды неғұрлым жақсы басқару үшін құрылады.

3 дәріс 2.10.19.



Дәрістің тақырыбы: Медициналық сұрыптау. ТЖ-ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары.

Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:


  • қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар);

  • апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.

Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.

Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:



  • экологиялық катастрофа;

  • өндірістік немесе көліктік катастрофа;

  • техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар.

4 дәріс 9.10.19



Дәрістің тақырыбы: Жер сілкінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау. ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет