3. Өзгергіштік түрлері Қазіргі заманның генетикасы өзгергіштікті екі түрге бөледі:
1. Тұқым қуаламайтын немесе модификацилық
2. Тұқым қуалайтын:
комбинативтік;
коррелятивтік (арақатынастық);
комбинативтік;
мутациялық.
Модификация - тұқым қуаламайтын сыртқы орта әсерлерінен пайда
болатын және генотипке байланысты емес өзгергіштік. Ірі қара малдың сүттілігі, қойдың жүнділігі, т.б. жемшөп қорына, күтімге байланысты. Бірақта бұл белгілер шексіз өсе бермейді (ол мал тұқымынына байланысты).
Арақатынастық өзгергіштік. Жануарлар мен өсімдіктердің әр түрлі белгілері, тканьдері, мүшелері ара қатынас дамуында болады және бір белгі өзгерсе, екінші белгі өзгеріп тұрады. Осы құбылысты арақатынастық өзгергіштік деп атайды. Жануарлардың аяқтары ұзын болса, мойны да ұзын болады. Сүттің мөлшерінің кобеюі - жұқпалы ауруларға төзімділігінің азаюы.
Комбинативтік өзгергіштік негізінде будандастыру арқылы пайда болған хромосомалар мен гендердің тәуелсіз үйлесімділігі. Комбинативтік өгергіштіктің ережелерін пайдаланып жұқпалы ауруға төзімді әрі жоғары өнім беретін мал тұқымдары өндіріске қосылған. Мысалы арқармеринос қой тұқымы - арқар тәрізді таулы жерге төзімді және меринос жүн беретін қой тұқымы.
Мутациялық өзгергіштік табиғи немесе жасанды (химиялық заттар, радиация арқылы) пайда болатын организмның генетикалық өзгеруі. Мутация нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа белгілер пайда болады. Мутациялар организмның құрылысын, тканьдердің атқаратын қызметтерін өзгертеді. Организның тіршілік әрекеттері байланысты мутациялар пайдалы, нейтральды және зиянды немесе летальды болып бөлінеді.
4. Генетиканың зерттеу әдістері 1. Гибридологиялық талдау организнің белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу үшін оларды бір-бірімен будандастырып, алынған бірінші, екінші және келесі ұрпақтарға талдау жүргізіледі. Бұл әдісті чех ғалымы Г.Мендель қолданып, жетілтті. Бұл әдіс генетикалық зерттеулерде негізгі әдіс болып саналады.
2. Генеалогиялық талдау бір-бірімен белгілі дәрежеде туыстық байланысы бар мал тобына шежіре кесте құрастырып, онда белгінің тұқым қуалауын бірнеше ұрпақта бақылайды.
3. Цитогенетикалық талдау хромосоманың саны мен құрылысын және репликациясы мен қызметін зеррттеу үшін қолданылады. Осы әдістің көмегімен хромосома құрылысының және санының өзгеруі салдарынан малда әр түрлі генетикалық аурулар мен кемістіктер дамитыны анықталады.
4. Популяциялық талдауда белгілердің тұқым қуалауын, өзгергіштік дәрежесін және олардың өзара байланысын анықтау мал тобында жүргізіледі. Әдіс негізінен математикалық қолдануды тірек етеді.
5. Онтогенетикалық талдау организнің жеке дамуында (онтогенезде) геннің әсерін зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдістің көмегімен малды азықтандыру және күту жағдайларының өзгеруінің гендерге әсерін бақылауға болады.
Кейінгі кезде малдың тұқым қуалауының қасиеттерін тереңірек зерттеу үшін жалпы генетиканың басқа да әдістері, биохимиялық (геннің, яғни ДНК-ның нәзік құрылымы мен қызметін тікелей зерттеу), иммуногенетикалық (қан топтарының тұқым қуалауын пайдалану), физиологиялық т.б. әдістер қолданыла бастады.