1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет39/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Байланысты:
darister

11-дәріс. ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Сапалық және сандық өзгергіштер
2. Асыл тұқымды жануарлардың генотипін бағалау
Ауыл шаруашылыгында ірі қара малдың орны ерекше. ХХ-гасырдың жетпісінші жылдарына дейін осы түрдің түқымдарынан өңдіретін әртүрлі өнімдердің мөлшерін және сапасын оркендету бұрыннан колданып келе жатқан методтарды пайдалану арқылы жүргізілді: дене бітімін, сүттілігін, сүттің майлылығын және басқа морфофизиологиялық белгілер сұрыптау, іріктеу және өндіру технологияларының негізін есептеу. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық даму сатысына сәйкесті ірі қараның, өндірісте пайдаланатын тұқымдарының құңдылыгын арттыру үшін, осы түрде кездесетін тұқым қуалаушы және өзгергіштік ережелерін қолдану керек:
Өндірісте бағаланатын белгілер мен ерекшеліктері екі түрлі озгергіштік топтарына ажырасады — сапалық және сандық өзгергіштер.
Сапалық белгілері. Бұл топқа жататын организмнің морфофизиологиялық ерекшеліктері өздерінің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік ережелерімен айқындалады. Ірі кара тұқымдарының жақсы тексерілген сапалық белгісінің бірі — сыртқы тұлғасының түрі. Бұл белгі сыртқы орта күштерінің әсерінен тәуелді емес (немесе өте аз мөлшерде) сондықтан онтогенезде бірқалыпты бойында сақталады, ал белгінің қалыптасуы мен сақталуы тек генотипке байланысты. Егер генотиптегі тұлганың реңіне қатысы бар гендер мутацияга ұшыраса, онда фенотиптің бұрынғы көрінісі озгереді.
Мал терісінің реңі генотипте бір аллельді ген арқылы белгіленіп, будандастыруларда Мендельдің тұқым қуалаушы заңдары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарайды, біркелкілік, ажырасу, тәуелсіз, қиыстырылу). Будандастыруға бір тұқымның особтары іріктелсе, келесі ұрпактағы организмдердің генотиптері әртүрлі болғанымен сыртқы тұлғасының реңі езгермейді, осы тұқымға сәйкесті реңмен сипатталады, ал популяциядагы гомо-гетерозиготалы генотиптердің арасындағы фенотипте көрінетін айырмашылық аллельді морфты гендердің арақатынасы аркылы немесе модификациялық гендердің әсері болады. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда коп тараған қара-ала тұқымның особтарын бір-бірімен шағылыстырсак Ғ1, Ғ2, Ғ3-тағы басқа келесі ұрпақтар особтар арасында осы белгінің фенотипте көрінуі құбылмалы болады. Денедегі ақ және қара реңнің көріну дәрежесі мен олардың көлемі гомозиготалы доминантты генотипте үлгілі мөлшермен сипатталса, гетерозиготалыларда орташа, гомозиготалы рецессивті генотиптері бар особтарда төменгі мөлшермен көрінеді.
Сапалы белгілерге бұдан басқа да қасиеттері қосылады: мүйіздің көрінбеуі, антигендік факторлар, қандағы басқа белоктар және иммуңдық реакциялар.
Сандық белгілер. Бірінші рет сандық белгілердің тұқым қуалаушы ережелерін Нильсон-Эле ашты. Бірнеше гендердің (аллельді, аллельсіз) арақатынасы және олардың сыртқы орта күштерімен байланысып, фенотиптің әртүрлі өзгергіштігін қалыптастыруы. Ірі қараның сандық белгілері осы ережеге бағынады да популяция көлемінде өздеріне калыптасқан озгергіштік шегімен сипатталады. Осы шектегі белгілердің мөлшері полигенді тұқым куалаушылыкка бағынғанмен сыртқы орта жағдайларының тәуелділігі басым, сондықтан тұқым қуалаушы өзгергіштігінің коэффициенті (һ) төменгі дәрежелермен сипатталады (1-кесте). Ірі қара мал тұқымдарының сандык белгілерінің тұқым қуалаушы коэффициенті (тіп-тах).

1- кесте. Сандық белгілердің тұқым қуалауы.







Белгілер

Тұқым қуалаушы өзгергіштік-тің коэффиценті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет