3. Доминанттылық түрлері Көптеген зерттеулер өсімдіктер мен мал тұқымының әр түрлерінде көп белгілердің толық доминанттылық қасиет көрсетпейтінін дәлелдеді. F1 - екі белгінің де байқалатыны анықталды. Олар аралық доминанттылық, кодоминанттылық және асыра доминанттылық.
Аралық доминанттылық деп F1 ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелігін айтады. Мұнда ата-анасының қасиетінің аралығы байқалады.
♀ АА х ♂ аа
Фенотипі Ұзын құлақты құлақсыз
F1 Аа х Аа
Фенотипі шұнақ құлақты
F2 АА 2Аа аа
Фенотипі ұзын шұнақ құлақсыз
Генотипі доминатты гетерозигота рецессивті
гомозигота гомозигота
Аа гетерозиготалы бірінші ұрпақтың әр түрлі гендері бір-біріне басымдық жасамайды.
Кодоминантты тұқым қуалаушылық (соңғы кезде ашылған) бірінші ұрпаққа ата-ана белгілерінің бірдей берілуі. Белгілер бір бірінен тәуелсіз және бірдей дәрежеде көрінеді. Мысалы, ірі қара малдың шортгорн тұқымының тұқым қуалауы.
Р АА х аа
Фенотипі қызыл ақ
F1 Аа х Аа
Фенопипі шұбар шұбар
F2 АА 2Аа аа
Фенотипі қызыл шұбар ақ (1:2:1), Генотипі 1:2:1.
Қазіргі уақытта қанның тобы және қан сары-суындағы белоктардың түрлерін басқаратын гендердің көп аллельдігі дәлелденді. Осы гендерге тән қасиет, олардың әр аллелі өз ерекшкліктерін гомозиготалық-гетерозиготалық жағдайда білдіре беретіндігі. Аллельдердің бұл сияқты ара қатынасы кодоминанттылық қатынасқа жатады. Осыған орай кез келген малдың қан тобы арқылы оның генотипін білуге болады. Бұл қажет болған жағдайда тұқымдық есеп журналындағы малдың ата-тегі туралы жазулардың дұрыстығын толық тексеруге мүмкіндік береді. Селекция жұмысы жоғары дәрежеде жүргізілетін мемлекеттерде асыл тұқым малдарының қан ерекшеліктері туралы паспорты болады. Қан топтарын білу тек ата-тегін тексеру ғана емес малдың өнімді ерекшеліктерін, аналық және аталық жұптарының тиімді байланысын дәлелдеуге болады.
Асыра (тысқары) доминанттылық деп гетерозиготалы дарақтар (Аа) белгілерінің дамуы жағынан гомозиготалы дарақтардан (АА, аа) асып түсуін түсінеді. F1 ұрпақ будандары даму көсеткіштері жағынан ата-анадан асып түседі. Мұндай құбылыс гетерозис деп аталады: будандардың F1 ұрпағы және кейбір түраралық гибридтер тіршілік қабілеті (өміршеңдігі және өнімділігі жағынан жақсы деген ата-ана формасынан асып түседі. Гетерозис, әсіресе түраралық гибридтерде айқын көрінеді. Қашыр (бие мен әңгінің гибриді) тіршілігінің ұзақтығы, жұмысқа қабілеттілігі және қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан жылқадан да есектен де асып түседі. Оны былай көрсетуге болады: Аа > АА > аа.
Сонымен доминанттылық пен рецессивтік - гендердің абсолютті емес, салыстырмалы қасиеті. Доминанттылы және рецессивтілік дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін. Белгілі бір белгінің өзі кейде доминантты типте, кейде рецессивті типте тұқым қуалауы мүмкін.