1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Комплементарлық немесе толықтырушы факторлар



бет13/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
darister

Комплементарлық немесе толықтырушы факторлар

Әрқайсысы фенотипте өз бетімен көрінбейтін аллельді емес екі доминантты гендердің үйлесуінен пайда болса, ондай гендер әрекеті комплементарлық деп аталады. Мысалы, бір түстің қалыптасуы үшін организмде арнаулы ақуыздар және оларды пигментке айналдыратын ферменттер синтезделуі керек. Егер организмде осы заттардың бір түрі болмаса, пигмент құрылмайды.
Мысалы, ақ тауықтардың бояусыз екі түрлі тұқымдарын шағылыстырғанда F1 ұрпақ бояулы болады.
Комплементарлық схемасы
ССоо х ссОО С гені ақуыз тирозин түзілуіне жауап береді;
F1 СсОо О-окситирозин ферментінің түзілуіне жауапты;
Пигмент екі доминантты геннің бір-бірін толықтыруынан пайда болады. F2 = 9:7, 9 бояулы, 7 бояусыз болып келеді.



  1. Криптомерия

Жоғары келтірілген мысалда белгінің пайда болуына екі басым гендердің себепші болатынын көрдік. Алайда организмде белгілі бір заттың түзілуіне зиянын тигізетін рецессивті гендер де бар. Бұған мысал ретінде альбинизмді (латынша альбус - ақ). Альбинизмнің себебінен пигменттің дамуына әсер ететін гендер жасырын қалып қояды. Мысалы, ақ түсті (альбинос) тышқанды қара тышқанмен шағылыстырғанда.
Р. AAbb x aaBB
F1 AaBb F2 = 9:3:4;
А - гені пигментке түзілуіне жауап береді; а – гені оның аллелі, альбинизмге жауап береді; В – пигменттің шаштың ұзына бойына таралмауын қамтамасыз етеді (агути түсті); b – пигменттің біртұтас таралуын қамтамасыз етеді (қара тышқан).
4. Эпистаз және гипостаз
Доминантты ген кез келген аллельдер жұбында өзінің рецессивті серігінің көрінуіне бөгет жасайды. Дегенмен, кейде доминантты геннің қасиеті басқа хромосомдағы геннің әсерінен бәсеңдеуі мүмкін. Басқа гендердің қасиетіне жол бермейтін «құдіретті» генді эпистаздық ген, ал жәбірленген генді гипостаздық ген деп атайды.
Эпистаз және гипостаз схемасы
Р. ССВВ х ccbb С >B
F1 CcBb F2 = 12:3:1.

  1. Полимерия

«Полимерия» - өте күрделі деген мағынаны білдіреді. Белгінің бір уақытта бірнеше балама (эквивалентті) гендердің әсеоінен қалыптасу құбылысын полимерия деп атайды, ал оған әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атайды.
Гендердің осылай әрекеттесу типін алғашқы рет швед генетигі Нильсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашты. Бидай дәнінің ақ түстен бозғылт қызылға, одан әрі қызыл түстің түрлі реңдеріне түрленуі екі аллельден үйлескен генотиптің доминантты гендердің санына тікелей байланысты. aаbb – ақ түсті, А – солғын, АА – ақшыл, ААА – қызыл, АААА – қоңыр қызыл.
Полимерияның принципі өте маңызды мағанаға ие болды, өйткені оның көмегімен сандық белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктерін түсіндіреді. Полимерлі тұқым қуалауда негізінен гендердің аддитивті немесе кумулятивті әсері байқалады, яғни сандық белгінің дәрежесі бір мағыналы әсер ететін доминантты гендердің жалпы санына байланысты. Мысалы, негр х ақ адам = мулат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет