№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері



бет3/15
Дата23.12.2021
өлшемі186 Kb.
#128445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-15 lektsiya tezisteri 3

Әдебиеттер тізімі:

1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.

3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.

4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.

http://artpsy.kz

№ 3 дәріс. «Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау» тренингі.

Тренинг және білім беру арасындағы айырмашылық. Жоғарыда аталған ұғымдардың бірігу қажеттілігін жоққа шығармай, оларды бір-бірінен ажырату қиындығын мойындай келе, Дж. Кенни мен М.Рейд олардың арасындағы бірнеше пайдалы айырмашылықтарды бөліп көрсетті. Бұл айырмашылық қай-қайсысының да ерекшеліктеріндегі мазмұны мен деңгейіне, әдістері мен бағыттарына және тұтас үрдіске қатысты болды.

Егер ерекшелік туралы айтатын болсақ, тренинг нақты жұмысты орындау үшін қажет іс-әрекеттік дағды, идея мен фактілерді меңгеру және өңдеуді болжайды. Тренингтің нысаны адамнан гөрі, нақты іс-әрекет түрі болып табылады. Ал білім беру адамға ғана бағытталып, анағұрлым кең өзгерістерді көрсетеді, білім берудің мақсатын нақты анықтау күрделірек. Тренингті білім беруге қарсы қоя отырып, Глейзер: «...оқушының іс-әрекеті қалайтын нақты мысалдар арқылы үйренудің соңғы өнімін ерекшелеуге болатын жағдай туындағанда осындай іс-әрекеттерді қалыптастыруға немесе жаттықтыруға бағытталған жаттығуларды өңдеуге мүмкіндік туады,»-деп жазған. Егер адамға құрамды бөліктерге бөлінбейтін және нақты орындау мысалдарын келтіруге қиындық туғызатын кешенді білік берілетіні туралы ой қозғалса, онда ауқымды қамтылған білім беру үрдісін ұйымдастыра отырып, оқушыны кез келген жағдайға жалпылық тұрғыдан қарауды үйрету қажеттілігі пайда болады. Мұны жақсы меңгерген оқушы ұқсас немесе жаңа жағдайлардан шығатын жолды тез таба алады.

Глейзер тренинг пен білім берудің арасындағы айырмашылықты индивидуалды ерекшеліктің минимизация-максимизация тұрғысынан талдады. Оның пікірінше, білім беру оқушының жеке ерекшелігін кеңейтіп, айқындайды; сонымен қатар, оқытудың нәтижесінде оқушы өзінің қандай да бір іс-әрекетті орындау тәсілін жасап шығарады.

Тренинг және білім беруді үрдіс ретінде де қарауға болады. Тренинг- бұл игеріліп отырған іскерлікті жаттықтыру және бірнеше рет қайталау нәтижесінде стандартты нұсқауға сүйене отырып, бір жақты мінез-құлық сызбасын өңдеуге бағытталған механикалық процесс. Ал білім беру- адамда болатын өзгерісті болжай алмайтын анағұрлым шынайы үрдіс.

Тренинг пен білім беру мазмұны жағымен де айрықшаланады. Тренингтің мақсаты - нақты міндеттерді орындауға қажет біліммен, іскерлік және ұйғарыммен адамды қамтамасыз ету. Білім беру немесе оқыту аналитикалық және сыни ойлаудың дамуын бейнелейтін концептуалды және теориялық жүйемен қамтамасыз етеді.

Сонымен, тренинг, оқыту және дамыту ұғымдарын уақыттың шкалаға салып, олардың нәтижелерін салыстыруға болады. Әдетте тренингтің нәтижесін бірден көруге болады, ал оқыту мен дамудан кейінгі пайда болған өзгерістер біраз уақыт өткеннен кейін көрініп, терең сипатқа ие болады.

Енді біз тренинг пен оқытудың өзара айырмашылықтарын танығаннан кейін бұл екі процестің байланыстылығын көруге болады. Адамның білімді, біліктілікті тренинг барысында орната білу керек және ол оның бұрынғы өткен оқығандары және білімділік деңгейіне байланысты. Сонымен қатар оқудағы жетістік жаңа оқу жағдайларында көмегін тигізіп отырады. Тренинг пен оқу туралы айтқаннан кейін біз практикалық тәжірибе жайлы айтып өтуімізге болады. Ұйымдастырылған тренинг және оқыту бұл элементтің жүзеге асуы мүмкін емес.

ӨЗ КӨЗҚАРАСЫН, ҰСТАНЫМЫН, ШЕШІМІН ДӘЛЕЛДЕУДІ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

1. Қарапайым, анық, тиянақты түсініктерді қолдану.

2. Дәлелдемені әңгімелесушіге қатысты сыпайы жүргізу:

а) әңгімелесушінің дұрыстығын ашық мойындау, содан соң өз дәлелдемелеріңді келтіру;

б) әңгімелесуші үйренген дәлелдемелерді ғана пайдалануды жалғастыру;

в) алдымен әңгімелесушінің дәлелдемелеріне жауап беру, содан соң өз дәлелдемелеріңді келтіру;

г) сыпайылық сақтау.

3. Әңгімелесушінің тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу:

а) дәлелдемені әңгімелесушінің мақсаттары мен түрткілеріне бағыттау;

б) фактілерді жай ғана атап көрсетпей, қандай да бір оқиғаның артықшылықтарын мазмұндау;

в) әңгімелесушіге түсінікті терминологияны қолдану;

г) дәлелдеме қарқынын әңгімелесуші темпераментінің ерекшеліктерімен өлшемдестіру.

4. Өз дәлелдеріңді, идеяларың мен пайымдауларыңды барынша көрнекі түрде мазмұндауға тырысу:

а) сызбаларды салу үшін қалам мен қағазды пайдалану, әңгіме барысын конспектілеу;

б) салыстыруды пайдалану, бірақ тым асырып айтпау, себебі, ол сенімсіздік тудырады.

5. «Қадалып» сендіре сөйлеу әңгімелесуші тарапынан тойтарысқа ұшырайтындығын, ал 1-2 анық дәлелдің көбірек әсер тигізетінін ұмытпау.

6. Дәлелдеме келтірудің арнайы тәсілдерін пайдалану:

а) басқа жаққа ауыстыру әдісі – әңгімелесушіні біртіндеп онымен бірге проблемаларды шешуді кезең бойынша бақылап отыру арқылы қарама-қарсы қорытындыларға алып келу;

б) «салями» әдісі – әңгімелесушіні біртіндеп алдымен басты мәселеде, содан соң толық келісу үшін қажет жекеліктерде оның келісімін алу жолымен сізбен толық келісуге алып келу;

в) ыдырату әдісі – әріптестің дәлелдемелерін дұрыс, күмәнды және қате дәлелдемелер деп бөле отырып, кейіннен оның жалпы ұстанымының қанағаттанғысыздығын дәлелдеу;

г) оң жауаптар әдісі – әңгімелесуді әріптесіңіз сіздің бірінші сұрақтарыңызға: «Иә... иә... иә...», - деп жауап беріп, содан кейін пікірталас үшін әлдеқайда маңызды мәселелер бойынша да сізбен келісуін жалғастыратындай етіп құру;

д) классикалық риторика әдісі – әріптестің сөздерімен келісе отырып, кейіннен бір мықты дәлелдеменің көмегімен оның барлық ойларын кенеттен жоққа шығару (әріптес тым ашушаң болған жағдайда қолданылады);

е) қарқынды баяулату әдісі – әріптестің дәлелдемесіндегі әлсіз жерлерін әдейі баяулатып айту;

ж) екі жақты дәлелдеме әдісі – сіз ұсынып отырған шешімнің артықшылықтарын да, әлсіз жақтарын да көрсету (бұл әдіс парасатты әңгімелесушіге арналған).

7. Дәлелдемелердің жүргізілген талқылауы бойынша жинақтап қорытулар мен қорытындыларды уақтылы жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет