№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері



бет9/15
Дата23.12.2021
өлшемі186 Kb.
#128445
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
1-15 lektsiya tezisteri 3

Әдебиеттер тізімі:

1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.

3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.

4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.

http://artpsy.kz


№9 дәріс. «Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі. «Қорқынышыңды суретте» жаттығуы.

ҚОРҚЫНЫШТАР. Жаңадан бастаған жаттықтырушылар көбінесе топтағы біреудің ойнаудан бас тартатындығынан қорқады. Мен адамдарды қандай да бір ойынға қатысуға қалай ынталандыруға болатындығын айтқан болатынмын. Ал сергіту жаттығуларымен одан да оңайырақ. Мысалы, егер сіздер түрегеп тұрып жасау қажет болатын сергіту жаттығуын жасасаңыздар, сіз алдымен: «Ал қазір біз тұрамыз», - дейсіз. Содан соң тұрасыз да, барлығы сіздің соңыңыздан тұрады, және тұрып қойғаннан кейін, біреудің ойыннан бас тартуы екіталай. Ал егер адамдар отырып, ал сіз оларға алдымен біз мынадай ойынды осылай және осылай ойнаймыз деп әңгімелеп берсеңіз, содан соң: «Жүріңіздер, ойнайық», - десеңіз, біреуінің бас тартуы да мүмкін. «Ой, біздің ойнағымыз келмейді! Ой, не үшін?» - деп айтулары мүмкін. Яғни, адамдарға бас тартуға мүмкіндік бермеу қажет. Мұндай нәрселер өте оңай шешіледі.

Сергіту жаттығуларының әр түрлі нұсқалары бар, бірақ, негізінен алғанда, жаттықтырушы үшін осы сергіту жаттығуларының топтық үдерістерді жылдамдатқаны маңызды. Сондықтан сергіту жаттығуының еліктіретін, қозғалыстық болғаны жақсы, себебі, адамдардың қарқынды түрде жақындасқаны керек. Барлығының сөзбе-сөз мағынасында жақындасуға тура келетін қандай да бір тапсырманы орындағаны жақсы. Мұндай сергіту жаттығуларына жұмылған көздермен жүргізілетін сергіту жаттығулары жатады, мысалы, көзіңді ашпастан және бірде-бір сөз айтпастан өз жұбыңды табу керек болатын жаттығу. Сергіту жаттығулары туралы қазіргі уақытта әдебиет көп. Мен бұл жерде тек өзіме барлығынан да көбірек ұнайтындарын ғана көрсеткім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет