1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1



бет14/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

1.Физиологиялық қызару-теріге қалыптан тыс қан толуы. Бұл жағдайдйң себебі: жатырдағымен салыстырғанда сыртқы қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі (жатырда 37-380С, ал бөлмеде 250С). Физиологиялық қызару 2-3 күнге созылады, емдеуді қажет етпейді.
2.Токсикалық эритема-нәрестеде 2-5-ші күндері пайда болады және аллергиялық реакция болып келеді. Баланың терісі бірлі жарым немесе көптеген қызарған дақтармен, бөртпелермен, көпіршіктермен қапталады. Олар алақанға, табанға және шырышты қабаттарға шықпайды.2-3 күнде басылады. Эритема шыға бастағанда перманганат калий ерітіндісіне шомылдыру, антигистаминді дәрілерді беру тағайындалады.
3. Физиологиялық сарғаю-жаңа туылған балаларда 2-3-ші күндері тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы пайда болады: бұл нәресте қанында және ұлпаларда ерікті билирубиннің жиналып, көбеюіне байланысты, ол жетілмеген бауыры оларды шығарып үлгіре алмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмайды, бауыры мен талағы ұлғаймайды, несебі мен нәжісі қалыпты түсте болып келеді. Сарғаю 7-10 күнге созылады, шала туылған және жарақаттанған нәрестелерде 2-3 аптаға созылады. Айқын сарғаю кезінде анасы баланы жиі емізіп, фенобарбитал дәрісі мен сусындарды ішкізу керек.
4. Дене салмағының физиологиялық кемуі 4 -туылғаннан кейін 3-4-ші күндері баланың салмағы бастапқыдан 150-300 гр-дай кеміп кетеді, 7-10-шы күндері қайта бастапқы қалпына келеді. Бұл жағдайдың себебі: бірінші күндері ана сүтінің аз болуы, баланың бөліп шығарған және қабылданған сұйықтық мөлшерінің сәйкес келмеуі. Көп салмақ жоғалтудың алдын алу үшін баланы ерте көкірекке салып, сұрауымен, еркін емізіп, жылу тәртібін дұрыс сақтау керек.
5. Транзиторлық қызба-3-4-ші күндері жаңа туылған баланың дене қызуы 39-400 С көтерілуі мүмкін. Себебі: сұйықтықтың бала денесіне аз түсуі, уыз сүтте ақ уыздардың көп болуы, дене қызуын реттеу қабілетінің жетілмеуі, қызып кетуі. Көмек: баланы бос, жеңіл жөргектеу, жиі сусын ішкізу, жиі емізу, бөлме температурасын бір қалыпты (жетіліп туылған балаға-20-220 С, ал шала туылған балалар үшін-24-340 С аралығында) болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет