Баланың даму кезеңдері: Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11 ай 29 күнге созылады. Бала организмінің ересектерден ерекшелігі-ол әрдайым өсіп, жетіліп отырады. Бала ағзасында болып жатқан өзгерістерге қарай, оның дамуына келесі кезеңдерді ажыратамыз: құрсақ ішіндегі және құрсақтан тыс (постнаталды). 1.Құрсақ ішіндегі кезең -38-40 апта –аналық жасуша ұрықтанғаннан бастап бала туылғанға дейін. Бұл кезеңнің ерекшелігі-ұрық тез өседі, ол өсіп дамуына қажетті заттарды ана ағзасы арқылы алады.
Құрсақтан тыс (постнаталды) кезеңге кіреді:
1.жаңа туылған нәресте кезеңі-0-29 күн;
2.емізулі кезең- 1 айдан -12 айға дейін;
3.мектеп алдындағы кезең: сәбилік-1-3 жас;
балабақша-3-6 жас;
4.төменгі сынып кезеңі -6-12 жас;
5.жоғарғы сынып кезеңі-12-17 жас.
Өсіп дамудың әр-бір кезеңінде бала сол кезеңге лайықты анатомиялық-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерімен сипатталады.
Денсаулық топтары. Ресейдің ДСМ бала мен жасөспірімдер гигиенасы институты 1965 жылы бала мен жасөспірімдер денсаулығын 5 топпен бағалауды ұсынды:
І-топ –дені сау балалар тобы: физикалық, психикалық дамуында ауытқулары жоқ балалар жатады;
ІІ-топ-қауіпті топ: дені сау, кейде өткір аурулармен ауыратын, созылмалы паталогияға айналу қауіпі аз, өміріне қауіпсіз туа пайда болған аномалиялары бар балаларды жатқызады.
ІІІ топ-созылмалы ауруы немесе компенсация қалпындағы туа пайда болған кемістігі бар және қорғаныш күштері өте төмен балалар жатады;
ІV-топ-созылмалы аурулары мен туа біткен ақаулары субкомпенсация күйіндегі асқынулар әлсіз балалар жатады;
V топқа-ауыр декомпенсация күйіндегі созылмалы аурулары бар, мүгедектікке әкелетін ауыр аурулары бар немесе мүгедек балалар жатады.
Денсаулық топтарға балаларды денсаулық жағдайын кешенді бағалау арқылы жатқызады.
Денсаулық жағдайын кешенді бағалау көрсеткіштері. 1.Ауытқуларды анықтау(генеологиялық әлеуметтік, акушер-биологиялық анамнездер жинау арқылы).
2.Физикалық дамуын бағалау.
3.Жүйке-психикалық дамуын бағалау
4.Бала ағзасының қарсыласу (резистентность) және жауап беру әрекет қабілеттілігі (реактивность).
5.Мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайын анықтау.
6.Созылмалы аурулары мен ақаулары бар жоқтығын анықтау.