1. Дәріс кешені келесі бөлімдерді қамтиды: 1


Б1,2,3,......15 = (6*n)+77 см n – баланың жасы



бет6/20
Дата05.09.2022
өлшемі437,55 Kb.
#148749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1,2,3

Б1,2,3,......15 = (6*n)+77 см n – баланың жасы

Бір жасқа дейін баланың бойының өсуін таблица арқылы анықтауға болады:


0-3 айға дейін 3 см – 9см
3 – 6 айға дейін ай сайын 2,5 см – 7,5 см
6 – 9 айға дейін ай сайын 1,5 см -4,5 см
9 – 12 айға дейін ай сайын 1 см – 3 см
Барлығы 24 -25 см
Бір жаста бойы 74 -75 см, туғандағы бойынан 1,5 есе артық болады да, 4 жаста туғандағы бойынан 2 есе өседі – 100 см.
13 – 14 жаста бойы 3 есе өсіп 150 см – ге жетеді.
Баланың басының аумағы.
Жаңа туған нәрестенің басының аумағы 34-36 см –ге тең, бір жаста ол 10 -11 см –ге өседі -45 – 46 см, екінші жылы басының аумағы 2 см –ге, үшінші жылы 1 см –ге өседі де, 6 жаста басының аумағы 50 -51 см –ге жетеді, қалған жылдары 15 жасқа дейін, барлығы 5 -10 см –ге өседі.
Баланың кеудесінің аумағы.
Жаңа туған балның кеудесінің аумағы 32 -34 см болады, басының аумағынан 2 см кем.Екі айда ол басының аумағымен теңеледі. Бірінші жылы кеудесінің аумағы 13 – 15 см –ге үлкейеді, екінші жылы 2,5 -3 см ,үшінші жылы 1,5 -2 см, әр қарай жыл сайын 1 см –ге ұлғайып отырады. Бұл орташа көрсеткіштер. Баланың дене құрылысының өсуіне, ақыл – ойының дамуына өскен ортасының, тамағының, шынығудың, жалпы денсаулығының әсері
көп.
Биологиялық акселерация.
Соңғы жылдары бүкіл дүние жүзінде балалардың бойының ұзындығы және жыныс белгілерінің ерте пайда болуы байқалады. Мұны – акселерация деп атайды. Мұндай жағдай құрсақтағы балаларда да болады. Кейбір балалардын тісі ерте шығады, сүйектері ерте қатаяды. Бұл жағдайды ғалымдар генотиптін өзгеруімен байланыстырады. Миграцияның, соғыстың әсерінен халықтар араласып, ұлттар арасында үйленудің арқасында балалар ірі болып туады.
Балалардың ірі болып туып, тез жетіліп өсуіне әлеументтік жағдайдыңда әсері мол.
Қуып жетіп, өсіп даму.
Қуып жетіп өсу көбіне шала не кішірек болып туған балаларда болады. Олар жағдайы, күтімі, тамақтануы, денсаулығы жақсы болса өзінің құрдастарын салмағы бойынша 1 жаста, бойының өсуімен 2 жаста қуып жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет