Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілеріне жататындар:
Кәсіпкерліктің негізгі белгілеріне жататындар:
шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
экономикалық мүдделілігі;
шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
белсенді ізденуі;
жаңалықтығы.
Кәсіпкерлік қызмет негіздері
2. Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтері
Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтері
Жалпы экономикалық қызмет
Ресурстық қызмет
Жаңашылдық қызметі
Ұйымдастырушылық қызметі
Әлеуметтік қызметі
Басқару қызметі
Тәуекелге бару қызметі
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық – ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады.