Қолданылған әдебиеттер:
1. Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000 – 320 с.
2. Кириллов В.И. Квалиметрия и системный анализ: учебник/В.И. Кириллов.-М. : ИНФРА, 2012,-440с.
3. Федюкин З.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. – М.: Филинъ, 2000. – 328 с.
9-дәріс.
Басты көрсеткіш бойынша сапа деңгейін бағалау. Интегралды көрсеткіштің көмегімен өнім сапасының деңгейін бағалау.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Уақыт бойы өзгеретін эксплуатациондық шығындар қалай есептелінеді?
2. Тиімділікке түзетулерді қалай анықтайды?
3. Интегралды көрсеткіштің кемшіліктерін атап шығыңыз.
Басты көрсеткіш – сарапшылар пікірлері бойынша бұйымның (өнімнің) сапасын негізгі сипаттаушы болатын көрсеткіш.
Кешенді көрсеткіштің бастапқы бірлік көрсеткіштерден функционалды тәуелділігі өнімді өзінің тағайындалуына сәйкес қолдану процесінің математикалық моделін анықталуымен табылады. Осындай кешенді көрсеткіштердің мысалдары ретінде дайындық коэффициенті және өнім сапасының интегралды көрсеткіші бола алады. Осы принцип бойынша құрылған кешенді көрсеткіштер іске асырылатын болып келеді, егер қолданылатын математикалық модель өнімді өзінің тағайындалуына сәйкес қолданудың нақты процесініне сәйкес.
Барлық жағдайларда, мүмкіндік болса, өнімнің сапасын кешенді бағалау үшін оның негізгі тағайындалуын орындалу мүмкіндігін мейілінше толық көрсете алатын басты (негізгі) көрсеткішті анықтау және қолдану керек.
Өнім сапасын кешенді бағалау кезінде ылғи қарастырылатын құбылыстың физикалық мәнін көрсететін кешенді көрсеткіштің бастапқы бірлік көрсеткіштерден сондай функционалды тәуелділігін анықтау қажет.
Сапа деңгейін интегралды көрсеткіш көмегімен бағалау – интегралды (жалпыланған көрсеткіш) өнімді эксплуатациялаудан немесе пайдаланудан қосынды пайдалы әсерді және өнімді жасау мен эксплуатациялауға кеткен шығындарды анықтауға болатын кезде қолданады.
1 жылға дейін қызмет еткенше өнімнің сапасын кешенді бағалау үшін келесі формула арқылы есептелетін интегралды көрсеткішті қолдануға болады:
(1)
мұнда: Q – өнімнің барлық қызмет көрсеткен уақыты немесе эксплуатациялаудан қосылған пайдалы әсер. Ол табиғи өлшем бірліктерімен немесе ақша бірліктерімен беріледі (м., кг., т., дана., теңге және т.б.);
K0 - өнімді жасауға кеткен толық (бірреттік) қосынды шығындары, (теңге);
ST – барлық қызмет ету уақытында кеткен эксплуатациондық (ағымды) қосынды шығындары, (теңге);
Өнімді бір жылдан көп мерзімінде қызмет ету кезінде интегралдық көрсеткіш келесі формула бойынша анықталады:
J= (2)
мұнда: Q және K0 – бірінші формуладағыдай мағынаға ие болады, яғни 1 жыл эксплуатацияға байланысты;
t – өнімнің қызмет ету мерзімі, жыл;
, i=1….t
мұнда: EH – 0,15-ке тең болып қабылдалатын экономикалық тиімділіктің нормативтік коэффициенті.
Теңдеу келесі шарттар үшін орындалады:
- өнімді жыл сайын эксплуатациялаудың тиімділігі әр жылда бірдей.
- жыл сайын эксплуатациялық шығындары да бірдей;
- қызмет ету мерзімі толық жылдар саны.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |