Зарядтың сақталу заңы: тұйық жүйедегі электр зарядтарының алгебралық қосындысы өзгермейді.
Электр заряды – релятивистік-инвариантты шама.
Нүктелік заряд деп әрекеттесетін басқа зарядталған денеге дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда өлшемдері әлде-қайда кіші болатын зарядталған денені атайды.
Кулон заңы: екі тыныштық күйдегі нүктелік зарядтың F өзара әсерлесу күші зарядтардың q1 және q2шамаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың r ара қашықтығының квадратына кері пропорционал:
немесе
СИ бірліктер жүйесінде пропорционалдық коэффициент .
Тыныштық күйдегі зарядтардың арасындағы әсер етуші күштердің пайда болуын және берілуін түсіндіру үшін электростатикалық өріс ұғымы еңгізіледі.