Адиабаттық процесс
Жылудан оқшауланған жүйедегі процесс адиабаталық деп аталады. (δQ = 0).
Адиабаталық процесс кезінде сыртқы атқарылатын жұмыс тек қана ішкі энергияның өзгеруімен орындалады:
(55.1)
Егерде газ V1 көлемнен V2 көлемге дейін адиабаталы ұлғайса, онда оның температурасы Т1 ден Т2 ге дейін азаяды және идеал газдың осы кездегі атқаратын жұмысы тең:
Термодинамиканың екінші бастамасы
Егер термодинамикалық процесс алдымен түзу бағытта, сонан соң кері бағытта өтіп жүйе бастапқы күйіне қайтып оралғанда, не қоршаған ортада, не жүйенің өзінде ешқандай өзгеріс болмаса,ондай процесс қайтымды деп аталады.
Бұл шартқа бағынбайтын процесті қайтымсыз деп атайды.
Процестің шексіз кішкентай бөлігіндегі денеге берілетін келтірілген жылу мөлшері тең.
мұндағы S күй функциясы энтропия деп аталады.
Қайтымды процестер үшін энтропияның өзгерісі: .
Қайтымсыз процестер үшін жүйенің энтропиясы өсіп отырады: ∆S > 0 .
Бұл өрнектер тек тұйық жүйелер үшін орындалады. Жүйе сыртқы ортамен жылу алмасатын болса, онда оның энтропиясы кез келген жолмен өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |