1 Дәріс. Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері


Дәріс 3-4. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. Табиғат физикасы



бет3/11
Дата19.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#158931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәрістер жинағы
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі, фри, дисур эссе (1), 1544079469, dene shynyktyru
Дәріс 3-4. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. Табиғат физикасы.
Жоспар
1. Заттар және олардың қасиеттері.
2. Ауа мен су.
3. Табиғат физикасы.
Бастауыш сыныптарда білім алушылар «Заттар және олардың қасиеттері», «Заттардың жіктелуі», «Заттардың пайда болуы және оларды алу», «Өлі табиғаттағы процестер», «Тірі табиғаттағы процестер» тәрізді ұғымдармен танысады, сонымен қатар бақылау және эксперимент жасаудың алғашқы дағдылары қалыптасады және білім алушылар химияның дамуы мен маңызы туралы біледі. 2-сыныпта: «Заттар және олардың қасиеттері» бөлімінде: ауа; ауаның адам, өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызы; ауаның қасиеттері (түсі, иісі); ауаның агрегаттық күйі; жылуөткізгіштік; ауаның бос кеңістікті толтыратын қасиеті; су және оның физикалық қасиеттері; судың агрегаттық күйлері: қатты, сұйық, газ тәрізді; судың табиғи көздері; табиғат ресурстары және олардың қолданысы; табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу тәрізді ұғымдармен танысады. 3-сыныпта: «Мен – зерттеушімін» бөлімінде ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері; ақпарат көздерінің түрлері; ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері; экспериментті жоспарлау және 6 жүргізу; эксперимент нәтижелерін тіркеу және диаграмма түрінде көрсету; қорытындылар жасау тәрізді дағдылар қалыптастырылады. «Заттар және олардың қасиеттері» бөлімінде: заттар мен денелер; заттарды шығу тегі бойынша жіктеу; табиғи және жасанды денелер; заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді); ауа және оның құрамы (көмірқышқыл газы, оттегі, азот, т.б.); ауаның жануды қолдайтын қасиеті; суды тазалау тәсілдері; фильтр арқылы тазалаумен танысады. 4-сыныпта: «Заттар және олардың қасиеттері» бөлімінде: заттардың қасиеттері (қаттылық, мөлдірлік, серпімділік, т.с.с); заттарды қасиеттеріне байланысты қолдану; құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу; адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану; ауаның ластануы; ауаның ластануының табиғи және жасанды көздері; ауа тазалығын сақтау; ауаны тазарту жолдары; ауаның орын ауыстыруы; судың ластану көздері (тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық); түрлі заттардың судағы ерігіштігі; пайдалы қазбалар (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ); Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын оқиды
2. Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығызд. 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.[1]; аздап басқа инертті газдардың, сутектің, азот оксидтерінің, көміртек оксидтерінің, аммиактың, метанның, күкіртті газдың және тағы да басқалары мөлшері бар. Жердің ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін барады, Ауа массасының 4/5-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады.
Ауаның құрамы
Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған. Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды
Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 % бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22% + 28 • 78% ≈ 29.
Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді.
Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау, Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде.
Жергілікті жерлерде өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.
Жану және баяу тотығу
Кейбір заттар оттегімен баяу әрекеттеседі, реакция барысында жарық бөлінбейді, жылу біртіндеп бөлінеді. Мұндай үдеріс баяу тотығу деп аталады. Мысалы, қордаланған көңнің шіруі, темір бұйымның, тоттануы, қоймадағы астық өнімдерінің қызуы, т.б. Жану үдерістері халық, шаруашылығында жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.
Жану басталу үшін мынадай жағдайлар жасау керек:
Жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру.
Оттегінің ағысы үнемі келіп тұруы.
Ал жанудың аяқталу шарттары бұған керісінше:
От алу температурасын төмендету, яғни салқындату (су бүрку, топырақ немесе құм шашу).
Оттегінің ағынын тоқтату. Жанып жатқан отты ауыр заттармен жабу. Өз бетімен басқаруға көнбей жүретін жану өрт деп аталады. Оның орманға тигізетін зияны өте үлкен, экономикалық зияны да бар
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет