1 Дәріс Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде



Дата13.12.2021
өлшемі36,5 Kb.
#125528
Байланысты:
1 Дәріс Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде


1 Дәріс Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде.
1.Саясаттанудың объектісі мен пәні.

2.Саясаттану саясат, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым.

3.Саясаттанудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

4.Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас белімдері ретінде.

Дәрістің мақсаты:Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген.

Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.

Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.

Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.

Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.

Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты.

Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.

ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар ассоциациясы құрылды.

Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.

Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.

Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.

1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.

Бақылау сұрақтары:

1. Саясат деген не, ол қашан пайда болады?

2. Саясаттанудың негізгі мәселелері қандай?



3. Саясаттануға анықтама берініз.

4. Саясаттың қызметіне не жатады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет