1 дәріс тақырыбы: Психопатологияның негізгі бөлімдері


Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар



бет4/5
Дата30.09.2022
өлшемі22,07 Kb.
#151286
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 д

Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар - өзара органикалық байланысты галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әртүрлі арақатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, галлюцинаторлы синдром деп, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп атайды. Параноидты синдром деп сандырақ дамуының параноидты сатысы да аталады. Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сангдырақ мазмұнының басым аффектке және галлюцинацияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.
Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромы галлюцинаторлы-параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады және псевдогаллюцинациялар, психикалық актілердің бөтендену құбылысы - автоматизмдер және әсер ету сандырағы қосылады. Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі науқас, олардың еріктен тыс пайда болатындығына, жасандылығына сенімді – автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе моторлы болып бөлінеді. Науқас өз ойын басқарып тұр, оларды параллельді етеді, оны ойша балағаттауға мәжбүрлейді, басына бөтен ойлар салады, оның ойларын оқып, тартып алады деп есептейді. Бұл жағдайды идеаторлы автоматизм деп айтамыз. Бұл автоматизм түріне псевдогаллюцинациялар жатады. Сенсорлық автоматизмге сезімдік таным бұзылысы жатады және науқастың сезім (немқұрайдылық, әлсіздік, ыза, үрей сезімін «шақырады») және түйсіктің (дененің әртүрлі бөліктерінде ауру сезімін, электр тоғы жолдары сезімін, күйдіру, дызыл «тудырады») жасандылығы жөнінде айтуларымен сәйкес келеді. Моторлы автоматизм дамуында науқаста өз қимылдары мен қызметтерін басқаруды жоғалтқандығына сенім туады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяқ-қолдары еріксіз қозғалады, күрделі қимылдар жасалады, мысалы, суицидальды актілер.
Созылмалы және жедел галлюцинаторлы - параноидты синдромдарды бөледі. Созылмалы галлюцинаторлы-параноидты синдром бірте-бірте күрделенеді, алғашқы симптоматикасы жаңалана түседі, күрделі психикалық автоматизм синдромы түзіледі.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар емдеу әсерінен редуцирленеді және басқа психопатологиялық синдромға жылдам ауысады. Синдром ауысқанда бұрынғы психопатологиялық симптоматика жойылып, орнына жаңасы келеді. Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның құрылымында жедел сезімдік сандырақ, қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау, сасқалақтау немесе қанық аффект көрінеді; Кандинский Клерамбо синдромы толық жетіліп үлгермейді (оның кейбір элементтері байқалады).
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения және онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады. Галлюцинаторлы-параноидты синдром маниакальды депресивті психоздан басқа барлық психоздар кезінде диагностикалануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет