Шалағай су айналымы. Тынық мұхитының жалпы су ағысын атмосфераның жалпы айналым заңдылықтары анықтайды. Орталық Америка жағалауынан Филиппин аралдарына дейінгі Солтүстік жарты шардың солтүстік-шығыс пассаты солтүстік-пассат ағындарының пайда болуына септігін тигізеді. Бұдан әрі ағыстар екі бағытқа бөлінеді: алғашқысы оңтүстікке бағытталып, бір бөлігі мен экваторлық қарсы ағыстарды қанықтырады, тағы бір бөлігі Индонезия теңіздерінің хауыздарына таралады. Солтүстік ағыс, Шығыс-Қытай теңізін бойлап, Куросио ағыстарына жылы бастау беріп, Шығыс-Қытай теңізінен Кюсю аралдарының оңтүстігіне шығады. Бұл ағыс Жапон жағалауына көрінерліктей әсерін тигізіп, солтүстіктен Жапон жағалауына бет алады. Солтүстік енділіктің 40° Куросио Солтістік-Тынық мұхиттық ағысқа ауысады, келесі ауысуы шығыста Орегон жағалуында. Ол Солтүстік Америкаға тіреліп, Аляска жартыаралынан құрлық бойымен бағытталатын солтүстік Аляскалық тармаққа, Солтүстік-Пассат ағысымен қосылып, тұйықталып, Калифорния жартыаралының бойымен оңтүстіктік суық Калифорния ағысына бөлінеді. Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат Колумбия жағалауынан Молукк аралдарына дейін Тынық мұхитын кесіп өтетін Оңтүстік-Пассат ағысын құрайды. Лайн және Туамоту аралдарының аралығында тармақталған, келесі Коралл теңізіне одан әрі Аустралия жағалауымен Шығыс-Аустралия ағысын құрайды. Оңтүстік-Пассат негізгі суы Молукка аралдарының шығысында Солтүстік-Пассат ағысының оңтүстік тармағымен қосылып экватор қарсы ағысты құрайды. Шығыс-Аустралиялық ағын Жаңа Зеландия аралының оңтүстігіне қарай Тынық мұхитын батыстан шығысқа кесіп өтетін Үнді мұхитының күшті Батыс желдеріне ұласады. Бұл ағыс Оңтүстік Американың аяғында тропикте тұйықталып Оңтүстік-Пасстқа айналатын Перуан ағысына тармақталып айналады. Батыс ағысының өзге шеті Горн мысының ағысы аталатын Оңтүстік Американы қамтып, Атлант мұхитына кетеді. Тынық мұхитындағы су айналымының маңызды рөлі Оңтүстік-Пассат ағысының астындағы 154° Галапагос аралдарына дейінгі Кромвелла су үсті ағыстарына тиесілі.[13] Жаз айларында Оңтүстік Америка жағалауынан жартылай тұзды ағыс суық Перу ағысын ығыстырғанда Эль-Ниньо байқалады.[29] Бұл жағдайда судың жоғарғы қабатына оттегі келмегеніктен, балықтар мен өзгеде су жануарларының өлімі күрт өседі, ал шөлді аймақтарда керісінше жауын-шашын көбейіп, қауіпті су тасқындарына әкеліп соғады.
Атлант мұхиты. Для Атлантического океана характерно симмет-ричное расположение океанических впадин относительно срединного хребта.
Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: |