34. Қаржылық жағдайды талдаудың пәні мен әдісі
1. Қаржылық жағдайды талдаудың пәні мен әдісі
Қаржылық жай-күй осы процестердің кәсіпорында қаншалықты табысты өтіп жатқанын сипаттайды. Қаржылық жай-күй көрсеткіштері қолма-қол қаржы ресурстарын, олардың орналасуы мен пайдалануын сипаттайды. Нәтижесінде, қаржылық жай-күй көп жағдайда кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін анықтайды, оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның қаржылық және басқа да экономикалық қатынастар бойынша серіктерінің экономикалық мүдделерінің қаншалықты кепілденгенін бағалайды.
Белгілі бір күнге қатысты қаржылық жағдайдың анықталуы осыған дейінгі уақыт кезеңінде кәсіпорын өзінің қаржылық ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы, мүлікті қалайша пайдаланғаны, қаншалықты өзінің және қарызға алынған мүліктерді үйлесімді пайдаланғаны, өзінің капиталын қаншалықты тиімді пайдаланғаны, несие берушілермен, дебиторлармен, бюджетпен қарым-қатынасы қаншалықты жақсы екені туралы және т.б. сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Кәсіпорынның қаржылық жай-күйінің жақсаруына оның экономикалық перспективалары тәуелді болады. Осыған байланысты кәсіпорының қаржылық күйін бағалауды жүргізу қажет.
Қаржылық талдау методикасы үш блокты қамтиды: 1) кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау; 2) кәсіпорынның қаржылық күйін талдау; 3) кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау.
Қаржылық күйді талдауды келесі бағыттарда жүргізуге болады: қаржылық күйді экспресс талдау, кәсіпорын мүлкі мен оның қалыптасу көздерін талдау, дебиторлар мен кредиторлармен есептесуді талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттілікті талдау.
Қаржылық күйді талдауды жүргізудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның қаржылық есептілігі табылады.
Қаржылық есептілік – бұл ұйымның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін және активтерінің, өзіндік капиталының, міндеттемелерінің, ақша қозғалысы мен ұйымның өзіндік капиталындағы өзгерістердің жай-күйін кешенді сипаттайтын ағымдық есептің қорытынды көрсеткіштерінің өзара байланысқан жүйесі. Естептілік көрсеткіштерін ағымдық бухгалтерлік есеп мәліметтерін жинақтау және жалпылау арқылы алады.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұйымның қаржылық есептілігі: қаржылық жағдай туралы есепті, қаржылық жағдайдың өзгеруі туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есептік саясат туралы ақпаратты, түсіндірме қағазды қамтиды.
Қаржылық жағдай туралы есеп белгілі бір уақыттағы қаржылық жағдай туралы ақпаратты ұсынуға арналған.
Қаржылық жағдайдың өзгеруі туралы есеп қызметтің есептік кезеңге қаржылық нәтижелерін көрсетуге арналған, яғни табыстардың шығындардан асатынын немесе керісін анықтау үшін арналған.
Өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есеп пен ақша қозғалысы туралы есепті баланс элементтері ретінде де, сол сияқты табыстар мен шығындар туралы есептің элементтері ретінде де көрсетеді.
Қаржылық есептілікті талдағанда анықталған арақатынастар жақсы не кері екендігі бағаланады. Әдетте, талдаудың үш тәсілі қолданылады: болжамдап бағалау; өткен жылдардың нәтижелері; салалық көрсеткіштер.
Есептің кез келген көрсеткіштері басқа көрсеткіштермен салыстырғанда немесе басқа кезеңдегі осы секілді көрсеткіштермен салыстырғанда ғана құнды ақпарат болып саналады. Осыған байланысты қаржылық күйді талдаудың бірнеше тәсілдері бар: көлденеңінен талдау; тенденцияларды талдау; тігінен талдау; коэффициенттерді талдау; салыстырмалы талдау; факторлы талдау.
Сонымен бірге, басқармалық талдаудың дәстүрлі тәсілдері (элиминирлеу әдістері, баланстық әдіс, интегралдық әдіс және т.б.), экономико-математикалық әдістер, статистика әдістері (топтастыру, индекстер, орташа шамалар, салыстырмалы және абсолюттік шамалар, вариация көрсеткіштері, корреляциялық және регрессиондық талдау) кеңінен пайдаланылады.
Мүлікті және оның пайда болу көздерін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдағанда ең біріншіден мүлікке және оның пайда болу көздеріне жалпы сипаттама беру қажет, кәсіпорынның шаруашылық қаражаттары мен қаражат көздерінің құрылымындағы оңды және теріс жақтарын анықтау керек.
Кәсіпорын мүлкін баланс активтерінің қорытындысы құрайды. Біз кәсіпорын мүлкінің өзгерісіне баға беруіміз керек, кәсіпорын мүлкінің сапалы өзгерісіне талдау жасауымыз керек.
Жылдық бухгалтерлік баланс нысаны кәсіпорын жағдайын мүліктік-қаржылық талдауды тікелей баланс бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын активтерін иммобилизацияланған (жылжымайтын мүлік) және мобильдік (ағымдағы активтер немесе айналымдағы активтер) деп жіктеуге болады.
Иммобилизацияланған активтерге баланстың бірінші бөлімінің мәліметтері жатады – ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, аяқталмаған капиталдық құрылыс, ұзақ мерзімді инвестициялар, ұзақ мерзімдік дебиторлық қарыз, мерзімі бір жылдан асатын алдағы кезеңдегі шығындар.
Мобильдік немесе ағымдағы активтерге баланстың екінші бөлімінің мәліметтері жатады: тауар-материалдық қорлар, бір жылға дейінгі мерзімдегі алдағы шығындар, ағымдық дебиторлық қарыз, қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын біршама терең талдағанда негізгі құралдардың және олардың белсенді бөлігінің қозғалысын және оларды пайдалану тиімділігі, олардың жарамдылығының дәрежесі талданады.
Мұнда біз қолда бар негізгі құралдарды, олардың қозғалысы мен пайдалану тиімділігін мұқият талдай аламыз. Не үшін тек негізгі құралдарға қатысты болатындығының себебі кәсіпорын қор ауқымды болатындығымен түсіндіріледі. Басқа кәсіпорындар үшін біз, мүмкін, активтердің айналымдылығын тексерер едік.
Кәсіпорын мүлкін бағалау көрсеткіштеріне сонымен бірге мыналарды да жатқызады:
1) бастапқы құнындағы негізгі құралдардың сомасы;
2) белсенді бөліктің негізгі құралдарының сомасы;
3) негізгі құралдар күйінің көрсеткіштері: жарамдылық және тозу коэффициенті.
Егер ақша қаражаттарының өсу қарқыны тауар-материалдық қорлардың өсу қарқынынан жоғары болса, онда кәсіпорын құрылымы жақсаруда.
Кәсіпорын мүлкінің қалыптасуы жай-күйі мен қозғалысы бухгалтерлік баланстың пассивінде (капитал және міндеттемелер) көрсетілетін өзіндік және қарызға алынған қаражаттар есебінен жүргізіледі. Өзіндік және қарыз қаражаттарының арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Сонымен бірге айта кететін жағдай, ұзақ мерзімді активтерді алу үшін ұзақ мерзімді қарыздар мен өзіндік капитал пайдаланылуы керек, ал ағымдағы активтерді алу үшін ағымдағы міндеттемелер пайдаланылуы керек және егер кәсіпорында мүмкіндік болса, өзіндік өзіндік қаражаттар да пайдаланылуы керек.
Өзіндік қаражаттар мен қарыздардың өсу қарқынын салыстыру керек. Егер өзіндік қаражаттар қарыздардан асатын болса, онда алу көздерінің құрамы сапалы тұрғыда жақсарған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |