1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері



бет51/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
39. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері

Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есеп белгілі бір қаржының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар береді. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарын табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарын қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әр түрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге болады.

Ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:

  1. Есептік кезең арасындағы компанияға келіп түскен ақша-қаражаттармен олардың жұмсалу туралы ақпараттар.

  2. Есептік кездегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы ақпараттар алу

Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда ақша бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктер ашылған әр түрлі шоттардағы ақша-қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық шот, есеп-айырысу шоттар және т.б. арнайы шоттар)

Компанияның ақша қаражаттар қозғалысы дегеніміз - бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған қаражаттар. Сондықтан ақша қаражаттарының қозғалыс туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған, ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.

Компанияның операциондық қызметін жүзгізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.Операциондық қызмет бұл табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциондық қызметтері жүргізу кезінде ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:

  1. Тікелей әдіс - компанияға келіп түскен, ақша қаоражаттарымен, төлеенген төлемдердің негізгі түрлерін ашып көрсететін әдіс, яғни компанияның негізгі жүргізілген шаруашылық операциялар бойынша алынған және төленген, ақша қаражаттарытуралы

ақпараттар беріледі. Бұл әдіс арқылы әр бір ақшалай операцияны қандай қызмет түріне жататындығын анықтауға болады.

  1. Тікелей әдіс арқылы сол компанияның табыстары мен шығындары туравлы есебінің әрбір баптарына түзетулер енгізуге болады.

  2. Бұл жағдщайда өнімдерді сатудан түскен ақша қаражаттарынан қажетті тауармен шикізаттарды сатып алу бойынша жұмсалған барлық ақша қаражаттарын, ағымдық шығындарды, несиелер бойынша сыйақыларды және бюджетке төленген төлемдерді шегеру арқылы есептелінеді. Нәтижесінде компанияның операциондық қызметі бойынша ақша қаражаттардың жалпы соммасы есептелінеді.

Жанама әдіс - кәсіпорын ағымдық активтер мен міндеттемелердің өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығын сомасы да өзгереді. Сонымен бірге, инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижесінде пайда болатын табыстар мен шығындар сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып, өзгерістер жасалынады. Яғни бұл әдіс есептік кезеңдегі таза табысты көрсетумен басталады және ақша қаражаттарына тікелей байланыстары жоқ сомаларға түзетулер енгізіледі. Бұл әдіс негізінен бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетілген ақпараттарға негізделеді.

Жанама әдіс арқылы табыстар мен шығындар туралы есептің әрбір баптарына өзгерістер енгізіледі. Осы әдіс негізінде таза табыс сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып өзгереді.

Жанама әдісті пайдалану кезінде таза табыс (зиян) сомасына енгізілетін өзгертулер.






Таза табыс

Бұл сома кәсіпорын табыстар мен шығындар туралы есебінен алынады

I

I Таза табысқа түзетулер енгізілген операциялар




I.1

I Есептелінген тозу

Кезең бойынша есептелінген тозу сомасы, таза табыс сомасына қосылады. Себебі, олар ақша қаражаттарына тікелей әсер етпейді.

I.2

I Қысқамерзімді активтер соманың өзгеруі

Қысқа мерзімді активтер сомасының көбеюі, есептік кезең аралығындағы ақша қаражаттарының ағаманың азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттырының шығуын көрсетеді. Ал қысқа мерзімді активтердің азаюы ағаымдық кезеңдегі ақаша қаражаттарының көбеюіне алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттарының келіп түсуіне алып келеді.

I.3

I Ағымдық міндеттемелердің сомасының азаюы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет