1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау



бет53/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
41.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда мен залал туралы есепте берілген ұйымның табыстары (кірістері) мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады.

Пайда көп жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға табыс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайданылады. Пайданы өл­шеуге тікелей байланысты қаржылы есептіліктің элементтері табыстар мен шығыстар болып табылады. Олар мынадай түрде айқындалады;

  • табыстар -активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы;

  • шығыстар- активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.

Табысты айқындау өзіне негізгі қызметтен түскен табысты, сол сияқты өзге де табыстарды камтиды. Табыстар өзіне ұйымның қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім сату мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар, дивиденттерді сатудан түскен табыстарды қамтуы мүмкін.

Өзге де табыстар мекеменің қарапайым қызметі үрдісінде туындауы немесе туындамауы мүмкін кірісті айқындауды қанағаттандыратын түсімдерді білдіреді. Өзге де табыстарды пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған кезде олар, әдетте, жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.

Шығыстарды айқындау залалды, сондай-ақ ұйымның карапайым қызметі барысында туындайтын шығыстарды қамтиды.

Ұйымның қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстар, мысалы, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің амортизациясын қамтиды. Олар әдетте, активтердің, мысалы, ақша қаражатының және олардың баламаларының, қорлардың, негізгі құралдардың жылыстауы немесе азаюы нысанын қа­былдайды.

Пайда мен залал туралы есептегі табыстар мен шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға немесе өлшеуге тікелей байланысты.




Пайдалар мен заладар туралы есептің өзінде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсеткенде кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс:

  • табыс;

  • қаржыландыру туралы шығындар;

  • қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалар мен залалдарында үлес қосып қатысуы бойын­ша есептеу әдісі сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;

  • салық бойынша шығыстар;

  • тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал, сату шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы;

  • пайда немесе залал.

Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетілуі тиіс:

-азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

-еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

Ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.

Ұйым қызметінің әр түрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржылық нәтижелерінің компоненттерін ашып көрсету қол жеткен қаржылық нәтижелерін түсінуге және болашақ нәтижелерді болжауға көрсетеді. Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың аталуына және оларды орналастыру тәртібіне қажет болған жағдайда қызметтің қаржылық жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті факторлар табыстар мен шығыстардың тиісті компоненттерін мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды.

Егер табыстар мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міңдетті түрде бөлек ашып көрсетіледі.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай-ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық деректерін көрсетеді де, пайдаланушыларға ұйымның түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартты Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсырудың тұжырымдылық негіздемемен белгіленген. Ұйымдар аталған есепті жасау және тапсыру мақсатында жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарының сыныпталу және есепке алу тәртібін жүйелі түрде анықтайды да, ұйымның әр түрлі есепті кезеңдердегі және әр түрлі саңды тұлғалардың қаржылық нәтижелерін салыстыру мүмкіңдігі қамтамасыз етіледі. Көрсетілген нормативтік құжаттар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстар мен шығыстардың әр түрлі баптарының сондай-ақ басқа да табыстар мен шығыстардың мазмұнын ашып көрсетеді.

Пайдалар мен залал туралы есептілікте талдауға жатқызылған бірінші көрсеткіші ол жалпы пайда. Ол өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім) және өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны арасындағы айырманы білдіреді. Бұл есептік аналитикалық көрсеткіш аралық пайда көрсеткіші ретіндегі мәнге ие.
Жалпы пайда = ӨӨТТ – ӨӨӨК
Мұнда:ӨӨТТ – өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс;

ӨӨӨҚ – өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны.
Жалпы пайданың өзгерісіне өткен жылмен салыстырғанда келесі факторлар әсер етуі мүмкін:

  1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

  2. бір өнімнің бағасы;

  3. өткізілген өнімнің көлемі (саны):

  4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.


Өнімнің өзіндік құны жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор болғандықтан көптеген ұйымдарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызмет бөлімшелері жұмыс атқарады. Бірақ айтарлықтай шамада бұл жұмыс бастапқы шикізат пен отын-энергетикалық ресурстардың бағасының өсуінен және инфляцияға байланысты құнсызданады. Бағаның күрт өсуі және меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында шаруашылық субъектілерінде өзіндік құнды төмендету нәтижесінде табысты арттыру мүмкіндігі болмайды.

Шаруашылықтың тұрақты экономикалық жағдайлары кезінде жалпы пайданы арттырудың негізгі жолы өзіндік құнды материалдық шығындар тарапынан төмендетуден тұрады. Әсіресе бұл өңдеуші және қайта өңдіруші салалар үшін (машина құрылыс және темір өңдеу, металлургиялық, нефтехимиялық, мақта-мата, тамақ және т.б.) маңызды, оларда өнімнің өзіндік құнындағы шикізаттың үлес салмағы өте жоғары.

Өндіруші салаларда пайданың өсімшесіне жету күрделі. Оған негізінен өндіру көлеміне арттыру салдарынан кеш жеткізуге болады.

Өнімді өткізу көлемінің өсуі жалпы пайданың шамасына тікелей пропорционалды түрде әсер етеді. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнім көп өндірілген сайын, жалпы пайда соншалықты көп алынады.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлары — материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлары — материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.

Келесі жалпы пайдадан кейінгі көрсеткіш ол жалғасатын қызметтен алынған кезеңдегі пайда (залал). Оның шамасы мына формуламен анықталады:
ЖҚП = (ЖП+ҚТ+ӨТ)- (ӨӨШ+ӘШ + ӨШ+Ү)
Мұнда: ЖҚП - жалғасатын қызметтен түскен пайда;

ЖП - жалпы пайда;

ҚТ - қаржыландыру табыстары;

ӨТ - өзге табыстар;

ӨӨШ - өнімді өткізуге (қызмет көрсетуге) кеткен шығындар;

ӘШ - әкімшілік шығындар;

ӨШ - өзге шығындар;

Ү - үлестік қатысу әдісімен есептелінген ұйымның пайда (залал) үлесі.
Таза пайда көрсеткіші - қарастырылып отырған есеп берудің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Таза пайданы пайдалану бағыттары ұйымның өздігімен анықталады. Оның есебінен резервтер құрылады, дивидендтерді төлеу, ақционерлік жиналыстарда бекітілген үлестегі жұмысшыларға төлеу, қайырымдылық және басқа да мақсаттарға аударымдар жүргізіледі. Оның негізінде қаржылық аналитиктердің әртүрлі рейтингтері және есептемелері қалыптасады, оның шамасынан акция бағамы, қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша төленетін дивиденд мөлшері байланысты.

Ұйымның таза пайдасы пайдаға салықты шегергеннен кейінгі табыстар мен шығындар арасындағы айырманы білдіреді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет