1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Кесте 66 – Табыстылықтың қатыстырмалы көрсеткіштерін талдау



бет55/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
Кесте 66 – Табыстылықтың қатыстырмалы көрсеткіштерін талдау






Көрсеткіштер

Жыл

басы

Жыл

аяғы

Ауытқуы

(+-)

1

Таза пайда, мың теңге.

135 324

22 957

-112 367

2

Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге

883 253

951 927

+68 674

3

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны, мың теңге

636 153

791613

+ 155 460

4

Жалпы пайда, мың теңге

247 100

160 314

-86 786

5

Кезең шығындары, мың теңге

112 572

137 755

-25 183

6

Негізгі қызметтен түскен табыс, мың теңге

134 528

22 559

-111 969

7

Авансталған капиталдың орташа шамасы, мың теңге

1 958 821

1 987 198

+28 377

8

Қысқа мерзімді активтердің орташа шамасы, мың теңге

638 286

746 159

+107 873

9

Ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы, мың теңге

1 320 535

1 241 039

-79 496

10

Меншікті капиталдың орташа шамасы, мың теңге

1 452 944

1 400 946

-51 998

11

Ұзак мерзімді міндеттемелердің орташа шамасы, мың теңге

337 154

337 155

+ 1

12

Тартылған капиталдың орташа шамасы, мың теңге

505 877

586 252

+80 375

13

Активтердің табыстылығы, %

6.9

1.1

-5,8

14

Қысқа мерзімді активтердің табыстылығы, %

21.2

3.1

-18.1

15

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы, %

10.2

1.8

-8.4

16

Меншікті капиталдың табыстылығы, %

9.3

1.6

-7,7

17

Иивестициялардың табыстылығы, %

0,1

1,3

+ 1,2

18

Сату көлемінің табыстылығы, %

28.0

16,8

-11,2

19

Өткізілген өнімнің табыстылығы, %

15,3

2.4

-12,9

20

Негізгі қызметтің табыстылығы, %

18.0

2,4

-15.6

21

Перманенттік капиталдың табыстылығы, %

0.1

1.3

+1,2

22

Тартылған капиталдың табыстылығы, %

26.7

3.9

-22.8

Кестеден келе, зерттелініп отырған ұйымның табыстылық көрсеткіштерінің біршамасы азайғаңдығы көрінуде. Тек есепті кезең басымен салыстырғанда инвестициялардың табыстылығы 1,2%-ға көбейгендігі байқалады. Бұл көрсеткіштің өсуіне меншікті капитал шамасының азаюы әсер еткен. Ал калған табыстылық көрсеткіштердің төмендеуіне таза табыс сомасының 112 367мың теңгеге азайғандығы әсер еткен. Оның мөлшері есепті жыл басында 135 324 мың теңгені, ал жыл аяғында 22 957 мың теңгені құраған.

Табыстылық көрсеткіштері ішінде, активтердің табыстылығы кезең басымен салыстырғанда 5,8%-ға, қысқа мерзімді активтердің табыстылығы 18,1%-ға, ұзақ мерзімді активтердің табыс­тылығы 8,4%-ға, меншікті капитал табыстылығы 7,7%-ға, тартылған капиталдың табыстылығы 22,8%-ке, өткізілген өнімнің та­быстылығы 12,9%-ға, сату көлемінің табыстылығы 11,2%-ға төмендегені байқалады.

Қорыта келгенде, жалпы ұйымның табыстылық көрсеткіштері оң бағаланбайды. Себебі, таза пайданың төмендеуі әрқашан да ұйым рентабельділігіне жағымсыз әсер етіп, оның төлем қабілеттілігін төмендетіп, ұйымның қаржылық жағдайын нашарлатуға әкеледі.

43. Өнімді өндіру мен сатуды талдау процесіндегі сұраныстың төмендеу факторлары мен оны еңсеру жолдары
Өнімді өндіру мен сатуды талдау процесі кезінде, сұраныстың төмендеуі кезінде пайда болатын сұранысқа ие емес тауарлардың тәуекелін бағалау қажет. Ол кәсіпорынның мүмкін болатын материалдық және моральдық зиян көлемі арқылы анықталады. Егер өнімнің қандай да бір бөлігі сатылмаған болса, кез келген кәсіпорын өзінің жоғалтуларының көлемін білуге міндетті.

Тауардың сұранысқа ие болмауына әкеліп соқтырмау үшін міндетті түрде жоғалтуларды минимизациялау немесе жол бермеу жолдарын іздестіру арқылы олардың пайда болу факторларын зерттеу керек.

Ішкі себептер: кәсіпорын қызметкерлерінің өнім сұранысына деген болжамды дұрыс жасамауы; өткізу нарығындағы кәсіпорынның бағалық саясатының дұрыс болмауы; персоналдың квалификациясының төмен болуы, ескі технология, құрал – жабдықтың, шикізаттың сапасының төмен болуы салдарынан өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі.

Сыртқы себептер: сатып алушылардың төлем қабілеттілігінің болмауы, салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы, демографиялық, әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа да себептер.

Сұранысқа ие емес өнімнің тәуекелділігін еңсерілетін және еңсерілмейтін деп бөлуге болады. Егер тәуекел өндіріс алдындағы кезеңде табылса, онда экономикалық зиян азырақ болады – бұл тек нарықты зерттеу бұйымның үлгісін дайындау т.б. кететін шығындар. Егер де сұранысқа ие емес өнімнің тәуекелі өндірістік және өндірістен кейінгі кезеңде анықталса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына өте үлкен зиянын тигізеді: зиян сомасына жоғарыда аталған шығындардан басқа өнімді дайындауға, өндіруге және жартылай өткізуге кеткен шығындар кіреді.

Сұранысқа ие емес өнімнің тәуекелділігін өндіріске дейінгі, өндірістік және өндірістен кейінгі сатылардан табылуы мүмкін. Егер тәуекелділік өндіріске дейінгі сатыдан табылса, онда экономикалық зиян төмен болады. Бұл тек нарықты зерттеуге, бұйымды қайта өңдеуге және т.б. кеткен шығындар. Егер сұранысқа ие емес өнім тәуекелі өндірістік немесе өндірістен кейінгі сатыда анықталса, онда ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер етеді: зиян сомасына көрсетілген шығындардан басқа өнімді дайындау, игеру, өндіру және бір бөлігін өткізу шығындары кіреді.

Сұранысқа ие емес өнім тәуекелділігінің анықталу сатысына байланысты басқарушылық шешімдер әр түрлі болуы мүмкін: өндіріс алдындағы кезеңде бұл өнім түрін өндірмей оны басқасымен ауыстыруға болады; өндірістік сатыда сонымен қатар бұйымның дизайнына, конструкциясына, бағасына өзгерістер енгізуге болады және соның есебінен оны нарыққа өткізуге болады; ал өндірістен кейінгі сатыда банкроттықтан қалай қашып құтылу керек екендігін ойлау керек, себебі сұранысқа ие емес өнім – бұл кәсіпорын үшін тікелей шығын болып табылады. Кез келген тауар оның жабдықталуы өтініштермен немесе келісімшарттармен бекітілген және бұл тауарға деген төлемқабілеттілік сұраныс болған жағдайда ғана өндіріледі.

Сұранысқа ие емес өнімнің тәуекелдігін бағалау үшін жабдықтауға контрактілермен немесе өтініштермен өнімнің қамтамасыз етілуін, дайын өнімнің әрбір түрі бойынша қалдықтың динамикасын, олардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесін талдау керек.

Өнімнің сатылу жылдамдығының сипаттамасы үшін қолданылатын маңызды жалпылама көрсеткіштер болып оның сатылу сатысындағы ұзақтығы табылады. Берілген көрсеткішті есептеу үшін дайын өнімнің орташа қалдығын бір күндік сату көлеміне бөлу керек; оның деңгейінің өсуі өткізу қиыншылықтарын және сұранысқа ие емес өнімнің тәуекелділігінің өскенін куәландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет