1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Жұмыс күшінің қозғалысының көрсеткіштері



бет56/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
44. Жұмыс күшінің қозғалысының көрсеткіштері

Жұмыс күшінің қозғалысына сипаттама беру үшін келесідей көрсеткіштер есептелініп, талданады:

1. Жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті –жұмыскерлердің орташа санының қанша пайызы жұмысқа осы жылы қабылданғандығын сипаттайды:  

Кжқ = жұмысқа қабылданған персоналдың саны / персоналдың орташа тізімдік саны = 80 / 200 = 0,4 ;

2. Жұмыстан  босату бойынша айналым коэффициенті - жұмыскерлердің орташа санының қанша пайызы осы жылы жұмыстан босатылғандығын сипаттайды:

Кжш = жұмыстан шығарылғандар саны / персоналдың орташа тізімдік саны = 40 / 200 = 0,2 ;

3. Кадрлардың ағымдылығының коэффициенті:

Кка = өз еркімен және жұмыс тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандар саны / персоналдың орташа тізімдік саны = 28 / 200 = 0,14 ;

4. Кадрлардың тұрақтылығының коэффициенті – жұмыскерлердің орташа санының қанша пайызы жыл бойы тізімде тұрақты тұрғандығын сипаттайды:

Ккт = бір жыл бойы жұмыс жасаған жұмысшылардың саны / персоналдың орташа тізімдік саны = 140 / 200 = 0,7 .

Міндетті түрде жұмысшылардың жұмыстан шығу себептерін анықтау керек (өз еркімен, кадрларды қысқарту, жұмыс тәртібін бұзу және тағы да басқалары). Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу қиыншылықтары барлық жұмыс күшін толықтай пайдалану, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті интенсификациялау, өндірістік процесті автоматтандыру мен механизациялау, жаңа және өнімділігі жоғары техниканы енгізу , технологияны және өндірісті ұйымдастыру нәтижесінде жойылады. Егер кәсіпорын өз қызметін кеңейтетін болса, өз өндірістік қуатын арттырса, жаңа жұмыс орындарын құрса, онда категориялары мен мамандықтары және оларды тарту көздері бойынша еңбек ресурстарына деген қосымша қажеттілікті анықтауы қажет.

Қосымша жұмыс орындарын құру арқылы өнім өндіруді арттыру резерві олардың өсімін есепті кезеңдегі бір жұмысшының нақты орташажылдық өндірген өніміне көбейту жолымен табылады:


Р ЖӨ = Р ЖОрын * ОЖӨ1,


Мұндағы, Р ЖӨ - өнім өндіруді жоғарылату резерві;

Р ЖОрын – жұмыс орны санын жоғарылату резерві;



ОЖӨ1 - бір жұмысшының нақты орташажылдық өндірген өнімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет