45. Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың ролі
Отандық және шетел ғалым-экономистері жазған әдебиеттерден “қаржылық жағдай” түсінігіне анықтама беруде бірдей көзқарас жоқ екенін байқауға болады, мысалы:
Қаржы ресурстарының бар екенін, орналасуын және пайдаланылуын көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
Ұйымдардың шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі;
Ұйымның жағдайы бойынша белгілі бір күнге өзінің қызметін қаржыландыру қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория;
Төлем қабілеттіктің, несиеқабілеттіліктің сипаттамасы, қаржы ресурстары және капиталды пайдалану, мемлекет және шаруашылық субъектілері алдында міндеттемелерді орындау;
қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы;
Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оларды мақсатты орналастыру және тиімді пайдалану, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қарым-катынас, төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы;
Қаржы ресурстары көздерін, оның ішінде меншікті және т.б. тиімді пайдалану және табу қабілетімен анықталатын ұйым қызметінің нәтижелілігі;
Қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) каржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рента- бельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу.
Әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді жинақтай келе, «қаржылық жағдайға» келесідей анықтаманы келтіруге болады қаржылық жағдай — бұл пайдаланылатын қаражат көздерінің бар екенін және құрылымын, олардың орналасуын және пайдаланылуын сипаттайтын экономикалық категория.
Қаржылық жағдай елеулі деңгейде ұйымның бәсекеге қабілеттілігін, оның іскер ортадағы әлуетін анықтайды, ұйымның өзінің экономикалық мүддесінің кепілдендірілгенін және оның серіктестерінің қаржы және баска да экономикалық катынастарын бағалайды.
Ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) және дағдарысты болуы мүмкін. Ұйымның тұрақты қаржылық жағдайы туралы оның төлемдерін толық және уақытында жүргізе алуы, өзінің қызметін кең көлемде қаржыландыруы, алдын ала күтпеген жағдайларды көтере алуы және өзінің төлемқабілеттілігін ұстай алуы қабілеті, ол осы айтылган жайлар жоқ болса, онда қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы туралы айтуға болады.
Ұйымның тұрақсыз қаржылық жағдайының шегі банкрот жағдайы болып табылады, яғни оның өзінің міндеттемелері бойынша жауап бере aлy қабілетсіздігі.
Ұйымның қаржылық жағдайы жалпы оның қызмет етуінің келесі параметрлерімен сипатталады:
табыстылығы (рентабельділігі);
өтімділігі (төлемқабілеттілігі);
өнім өндірісін және сату үдерісін ұйымдастыру үшін кажетті меншікті қаржы ресурстарының болуы;
негізгі қорлар және айналым қаражаттарын оңтайлы орналастыру және пайдалану;
қаржылай тұрақтылығымен және несие қабілеттілігімен.
Ұйымның каржылық жағдайы, оның тұрақтылығы және бірқалыптылығы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметі нәтижесіне байланысты.
Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалып жатса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді және керісінше, өнімді өндіру және сату бойынша жоспардың орындалмауынан оның өзіндік құны жоғарылайды, өнімді өткізуден түскен табыстың және пайда сомасы төмендейді және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы және оның төлем қабілеттілігі нашарлайды. Тұрақты қаржылық жағдай өз кезегінде өндірістік жоспарлардың орындалуына жағымды әсер етеді және қажетті ресурстармен өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Берілген түсініктердегі өзгешеліктер қаржылық жағдайды талдау құрылымында да көрінеді. Көптеген зерттеушілер талдауды қаржылық коэффициенттерді топтарға бөлумен және талдау әдістері арқылы сәйкесінше бағыттармен анықтайды. Бағыттар бөлінген топтармен және олардың ішкі мазмұны бойынша да ерекшеленеді.
Сонымен бірге ұйымның қаржылық жағдайы қаржылық жағдайды бағалауға қарағанда кең көлемдегі түсінік екенін атап өту керек, өйткені нақты қаржылық жағдайды бағалаудан гөрі оны анықтайтын себептермен факторларды белгілеуді енгізу керек, сонымен катар қаржылық жағдайды жақсартатын негізгі жолдар мен әдістерді анықтау қажет.
Ұйымның қаржылық жағдайын қысқа бағалауға болады. Бірінші жағдайда қаржылық жағдайды бағалау критериясы болып ұйымның контрагенттер алдында уақытында және толық көлемде қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есептесу жүргізу мүмкіндігін жалпы түрде сипаттайтын өтімділігі және төлем қабі- леттілігі табылады.
Ұйым қызметінің тұрақтылығын ұзақ мерзімді болашаққа бағалау ұйымның жалпы қаржылық құрылымы мен сыртқы кредиторлар мен инвесторларға тәуелділік деңгейімен, сыртқы қаражат кездерін тартумен кызмет ету шарттарына байланысты.
Қаржылық жағдай ұйымының шаруашылық қызметі үдерісінде қалыптасады және көбінде жеткізушілер, сатып алушылар, салық және қаржы органдары, банктер, акционерлер және басқа да мүмкін болатын серіктестермен өзара қарым - қатынаста анықталынады.
Талдау нәтижесі бойынша серіктестердің әрбіреуі экономикалық бітімгерліктің тиімділігін бағалауына болады, өйткені қаржылық жағдайды талдаудың көрсеткіштер жинағы ұйымның үздіксіз шаруашылық қызметін камтамасыз ету мүмкіндігі, оның инвестициялық тартымдылығы, төлемқабілеттілігі, даму перспективасы туралы толық сипаттама алуға болады.
Нақты ұйымның қаржылық жағдайын зерделеуге сыртқы және ішкі де пайдаланушылар мүдделі. Ішкі пайдаланушыларға ұйымның иелері және әкімшілік, сыртқы пайдаланушыларға кредиторлар, инвесторлар, коммерциялық серіктестер жатады.
Ішкі пайдаланушылар мүддесі үшін жүргізілген қаржылық жағдайды талдау ұйымның мүмкіндіктерін, жұмыс жағдайын нығайту және белгілеу мақсатында оның қаржылық қызметінің әлсіз жақтарын анықтау үшін ұйымның жұмысын тиімді камтамасыз ететін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық база құруға арналған.
Сыртқы пайдаланушылар мүддесі үшін қаржылық жағдайды талдау олардың экономикалық мүдделерінің кепілдік деңгейін ұйымның уақытында өзінің міндеттемелерін өтеу қабілеті, инвесторлар үшін қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және т.б. бағалау үшін жүргізіледі. Бұл талдау көмегімен нақты ұйыммен бітімгерліктің тиімділігін және сенімділігін бағалауға болады.
Нарықтық қатынастары жағдайында ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы жоғары болып табылады. Бұл ұйымдардың тәуелсіздігімен сонымен бірге басқа контрагенттер алдында өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен түсіндіріледі.
Ұйымның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол оның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де ұйымның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоктығына және оның дамуына қажетті қаражатының бол- мауына, ал көп болуы дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорып шыгындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қаржылық жағдайды талдау өндіріс қаражаттарының орналасуын және пайдаланылуын ұйымның төлемқабілеттілігін, меншікті айналым каражаттарының қамтамасыз етілуін, қорлардың жағдайын, меншікті және қарыз қаражаттарының қорлану көздерін, жеткізушілер және мемлекет арасындағы есептесу тәртібін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын анықтауды зерделеуден тұрады.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты қаржы ресурстарының пайдаланылуын объективті бағалау негізінде ішкі шаруашылық резервтерді, қаржылық жағдайды нығайту және төлемқабілеттілікті жоғарылату үшін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі:
активтердің құрамы мен құрылымын, олардың жағдайын және қозғалысын бағалау;
меншікті және қарыз капиталы көздерінің құрамы мен құрылымын, олардың жағдайын және қозғалысын бағалау;
ұйымның қаржылық түрақтылығынын абсолюттік және қатыстырмалы көрсеткіштерін талдау, олардың өзгеру деңгейін бағалау;
шаруашылық субъектісінің төлемқабілеттілігін және оның балансының активтері өтімділігін талдау.